Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар лигасы. Хави мен Тотти рекорд жаңартты

Чемпиондар лигасы. Хави мен Тотти рекорд жаңартты

Чемпиондар лигасы. Хави мен Тотти рекорд жаңартты

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші күніндегі кездесулер аяқталды. Назарларыңызға нәтижелерін ұсынамыз.

Мюллер «Баварияға» жеңіс сыйлады


Мюнхендік «Бавария» топтық кезеңдегі екінші ойында да бір доп басымдығымен жеңіске жетті. Мәскеуде топтың аутсайдері «ЦСКА»-мен кездескен Хосеп Гвардиола командасы Томас Мюллердің пенальтиден сәтті орындаған соққысынан кейін 3 ұпайды еншілеп қайтты. Жанкүйерлер күткен ірі есеп тіркелмеді. Алаң иелері сәтті қорғана білді. Ресей ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеев Чемпиондар лигасында 23 ойын қатарынан қақпасына гол өткізіп келеді.

Қартаймайтын Тотти рекорд орнатты


«Манчестер Ситиде» қонақта болған «Рома» 1:1 есебімен тең тарқасты. 4 минутта Серхио Агуэро пенальтиді сәтті орындап командасын алға шығарған. Бірақ, 22 минутта Франческо Тотти таразы басын теңестірді. Капитан командасын жеңілістен құтқарып қана қоймай, Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең егде ойыншы атанды. Осыған дейін рекорд «Манчестер Юнайтед» сапында спорттық мансабына нүкте қойған Райан Гиггз еншісінде болатын. Тағы бір қызығы, Тотти Англияда алғаш рет гол соғыпты. Ойын алдында екі клуб Twitter әлеуметтік желісінде төмендегідей хабарламалар алмасқан.

МСFC: Біз «Рома» мен оған қоса аңыз ойыншы Тоттиді күтіп алдық. Ол Англияда әлі гол соқпаған, солай емес пе?

AS Roma: Сіздікі дұрыс, біздің капитан Англияда осы күнге дейін гол соқпағаны рас. Бірақ, өмірде бәрі бірінші рет болады...

         "Е" тобы    Ойын     Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    Бавария      2      2    0       0     2:0     6
2.    Рома       2      1    1       0     6:2     4
3.    Манчестер Сити        2      0    1       1     1:2     1
4.    ЦСКА      2      0    0       2     1:6     0

Моуринью Отанынан олжалы қайтты


«G» тобында лондондық «Челси» көш бастады. Лиссабонда «Спортингпен» кездескен «ақсүйектер» Неманья Матич соққан голдың арқасында 3 ұпай еншіледі. Серб футболшысы осы маусымда ғана «Бенфикадан» Жозе командасына келген еді. Үш маусым ішінде қыр-сырын меңгерген қарсыластың осал тұсын таба білді.

«Марибор» мықты екен...


Чемпиондар лигасындағы әлсіз клубтардың бірі – словениялық «Марибор» саналған. Бірақ, бұл ұжым ойынымен жанкүйерлерді тәнті етуде. Бірінші ойында «Спортингпен» тең тарқасты. Енді Гельзенкирхенде «Шалькеден» ұпай алды. Ойында алға шыққанымен, алаң иелерін Класс-Ян Хунтеллар құтқарып қалды.

"G" тобы   Ойын    Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    Челси 2 1 1 0 2:1 4
2.    Марибор 2 0 2 0 2:2 2
3.    Шальке-04   2 0 2 0 2:2 2
4.    Спортинг 2 0 1 1 1:2 1

Тең қарсыластар тең тарқасты


«Н» тобында донецкілік «Шахтер» уыста тұрған жеңісті сақтап қала алмады. Бірінші таймда Андрей Пятов пенальти қайтарып, көзге түскен-ді. Екінші таймда екі гол соққан Мирча Луческу шәкірттері жеңістеріне сенімді болды. Бірақ, соңғы минуттарда "Порту" сергелдеңге салып кетті. 89 минутта бас қазы алаң иелері қақпасына тағы пенальти белгіледі. Бұл жолы Джексон Мартинес есеп қысқартты. Араға бірнеше минут сала колумбиялық шабуылшы дубль авторы атанып кетті.

«БАТЭ» барын салды


Өткен маусымда қарағандылық «Шахтер» жолын кескен «БАТЭ» бұл маусымда топтық кезеңнен табылды. Бірінші ойында «Портуға» ойсырай ұтылғанмен, бүгін Борисовта испандық «Атлетикті» 2:1 есебімен жеңіп кетті. Ал бильбаолық клуб топтық кезеңге өту үшін көп күшін салып қойған секілді. Өйткені, команда соңғы алты кездесуінде жеңіске жетіп көрген жоқ.

"H" тобы   Ойын    Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    Порту 2 1 1 0 8:2 4
2.    БАТЭ 2 1 0 1 2:7 3
3.    Шахтер Дн   2 0 2 0 2:2 2
4.    Атлетик Б 2 0 1 1 1:2 1

Аутсайдерлер ұпай бөлісті


«F» тобының аутсайдерлері болып саналатын «АПОЭЛ» мен «Аякс» тең ойнады. Кипрдегі кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бірінші болып нидерландылық ұжым есеп ашқанымен, көп уақыт өткізбей алаң иелері белгіленген пенальтиден кейін таразы басын теңестіріп кетті.

Хави Рауль рекордын бұзды


Нағыз тартысты кездесу Парижде өтті. Каталонық «Барселонаны» қабылдаған «ПСЖ» 3:2 есебімен жеңіс тойын тойлады. Тиаго Сильва мен Златансыз команданы елестете алмаған спортсүйер қауым бүгін кеште «блауграна» жеңеді деп болжаған еді. Бірақ, бәрі басқаша болды. Бірінші болып Давид Луис есеп ашты. Көп созбай-ақ Лионель Месси таблодағы есепті теңестірді. Теңестіріп қана қоймай, Чемпиондар лигасындағы «Барселонаның» 500-ші голының авторы атанды. Сонымен қатар, 68 гол көрсеткішімен Криштиану Роналдумен теңесті. Кейіннен Вератти мен Матюдидің голдарына Неймардың бір соққысы ғана жауап болды.

Кездесудің құрметті қонақтары

Ал Хавидің алаңға шығуы Еуропаның басты бәсекесіндегі кезекті рекордтың мұртын бұзды. Испандық жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында ең көп ойынға қатысқан (143 ойын) футболшы атанды. Осылайша «Реалдың» аңыз ойыншысы Раульдың рекордтары осы маусымда жаңарғалы отыр.

"F" тобы   Ойын     Жеңіс     Тең     Жеңіліс     Голдар     Ұпай  
1.    ПСЖ 2 1 1 0 4:3 4
2.    Барселона   2 1 0 1 3:3 3
3.    Аякс 2 0 2 0 2:2 2
4.    АПОЭЛ 2 0 1 1 1:2 1

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

556 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 01 қазан 2014, 04:23
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...