Премьер-лиганың жаңа маусымдағы добы таныстырылды

О Сансызбай Корреспондент
Премьер-лиганың жаңа маусымдағы добы таныстырылды

1 наурыз күні футболдан ел премьер-лигасының жаңа маусымы басталады. Бүгін ҚР футбол федерациясы жаңа маусымның жаңа добын таныстырды.

БӨЛІСУ

ҚФФ бүгін «instagram» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында таныстырған доп «Nike Ordem» деп аталады. Соңғы замануи талаптарға сай жасалған доп 2014 жылдың шілде айында сынақтан өтіп, жоғары бағаланған-ды. Тамыз айынан бастап Еуропадағы Англия, Италия және Испания чемпионаттары ресми түрде «Nike Ordem» добын таңдаған болатын. Қазіргі таңда аталған чемпионаттарда осы доп пайдаланылып келеді.

«Nike Ordem» - қазіргі таңда футболшылар үшін аса қолайлы доп саналып отыр. Онымен пас беру мен дәл жеткізу ойдағыдай шығады екен. Яғни, доптың бағытын жел өзгерте алмайды екен. Себебі, доптың ұшу траекториясын сақтайтын «Aerow Trac» қабаты мен соңғы үлгімен жасалған «Nike RaDaR» бұл кедергіге жол бермейді.

Айта кетейік, өткен маусымдағы ел премьер-лигасының ресми добы «Brazuca» болған еді. 

Сурет:sports.ru

Оқи отырыңыз

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды