«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

 «Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 11-19 ақпан аралығында Түркияда оқу-жаттығу жиынына баратын футболшылардың тізімін бекітті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Түркияда дайындықтарын шыңдайтын қазақстандық футболшылар 18 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Анталиядағы «Мардан» стадионында, Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Юрий Красножан шақырған құрамға «Ордабасы» командасынан – 6 ойыншы, «Қайрат» пен «Астана» командаларынан 5 ойыншыдан кірген. «Ертістен» - 3, ал «Ақтөбе», «Тобыл», «Тараз» және «Ертіс» командаларынан екі ойыншыдан шақырту алған.

Қазақстан құрамасы құрамы:

Қақпашылар – Александр Петухов ("Тобыл"), Ненад Эрич ("Астана"), Александр Мокин ("Шахтер"), Андрей Сидельников ("Ордабасы").

Қорғаушылар – Абзал Бейсебеков ("Астана"), Ермек Қуантаев ("Қайрат"), Ғафуржан Сүйімбаев ("Ордабасы"), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе"), Дмитрий Шомко ("Астана"), Пиралы Алиев ("Ертіс"), Илья Воротников ("Тараз"), Марк Гурман ("Қайрат"), Ренат Абдулин ("Ордабасы"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Виктор Дмитренко ("Ақтөбе");

Жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан ("Қайрат"), Самат Смақов ("Ертіс"), Аслан Дарабаев ("Қайрат"), Бауыржан Байтана ("Қайрат"), Ұлан Қонысбаев ("Астана"), Жақып Қожамберді ("Тараз"), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы"), Марат Шахметов ("Ертіс"), Станислав Лунин ("Шахтер"), Анатолий Богданов ("Тобыл");

Шабуылшылар – Таңат Нөсербаев ("Астана"), Дәуренбек Тәжімбетов ("Ордабасы"), Алексей Щеткин ("Астана").

Сурет: sport.nur.kz

Оқи отырыңыз

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

14 жастағы қазақстандық футболшы Францияны мойындатты

УЕФА «Жетісуді» неге жазалады?

Қазақстан премьер-лигасы IFFHS рейтингінде 45 саты жоғарылады

«Астана» IFFHS рейтингінде «Миланды» қалай басып озды?

Ө. Сансызбай