Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) жаңартылған рейтингін жариялады. Бір ай ішінде ешқандай кездесу өткізбеген Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалып отыр.

БӨЛІСУ

Юрий Красножан шәкірттері 2014 жылды 139-шы орынмен аяқтаған болатын. Сол орын әзірге сақтаулы қалпында. Себебі, құрама Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын енді ғана бастады. 18 ақпанда Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы бестігінде өзгерістер орын алмаған. Ең төменгі нәтижені Ливия ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 35 саты төмендеп, 113-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Экваторлық Гвинея құрамасы еншіледі. Олар бірден 69 саты жоғарылап, 149-шы орынға табан тіреген. Сонымен қатар Австралия, Ирак және БАӘ ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр. Бұл құрамалардың рейтингінің жоғарылауы мен төмендеуіне Австралияда өткен Азия біріншілігі мен Экваторлық Гвинеяда өткен Африка кубогы ойындары әсер етіп отыр.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

5. (5) Нидерланды

17. (17) Чехия

37. (33Исландия

52. (48Түркия

100. (96) Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Германия - 1729 ұпай,
2 (2). Аргентина - 1534,
3 (3). Колумбия - 1456,
4 (4). Бельгия - 1430,
5 (5). Нидерланды - 1385,
6 (6). Бразилия - 1333,
7 (7). Португалия - 1189,
8 (7). Франция - 1168,
9 (10). Уругвай - 1146,
10 (9). Испания – 1144

Айта кетейік, ФИФА рейтингіндегі Қазақстан құрамасының ең үздік көрсеткіші 2001 жылы тіркелген. Нәтиже – 98-ші орын. Ол уақытта Қазақстан құрамасы Азия футбол конфедерациясы құрамында болатын. Ал ең төменгі нәтиже 1996 жылғы мамыр айындағы рейтингтен көрініс табады. Ол жолы 166-шы сатыда болған. 

Сурет:kff.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Қазақстан жастар құрамасы Ресейді жеңе алмады

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды