Қазақстан Суперкубогының ойыны Түркияда да көрсетіледі

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан Суперкубогының ойыны Түркияда да көрсетіледі

Футболдан 1 наурыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Суперкубогының кездесуі түрік арнасынан да тікелей эфирде көрсетілетін болады. Осыған дейін «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ойынды Ресей, Украина, Беларусь, Эстония, Литва, Латвия, Молдова елдері аумағында да көрсету туралы келісімдер жасалып жатқаны белгілі болған еді.

БӨЛІСУ

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов Түркияның ұлттық телерадио кешенімен келіссөздер жүргізіп, екі тараптың шешімімен Қазақстан суперкубогы кездесуін «TRT Avaz» телеарнасы көрсететін болды. Түркиялық арна бұған дейін қазақ күресінен өткен ірі жарыстарды да тікелей эфирде таратқан болатын.

Ел премьер-лигасының жаңа маусымдағы шымылдығын түретін ойын 1 наурыз күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады.  

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

«Ордабасыдан» алты ойыншы Қазақстан құрамасына шақырту алды