«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді

О Сансызбай Корреспондент
«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) «В» тобында бақ сынап жатқан қазақстандық «Astana Arlans» АҚШ елінің «USA Knockouts» клубымен V маусымдағы бесінші кездесуін өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

«В» тобында қазақстандық клубен иық тірестіріп келе жатқан команда қауқары белгілі болды. Кездесу алдында қазақ елімен таныс болмаған боксшылар, енді танып қайтты десек қателеспейміз. Себебі, «Арландар» «Нокаутшыларды» нағыз нокаутқа жіберді. Есеп 5:0.

Атап айтар болсақ, 52 келіге дейінгі салмақта Мирас Жақыпов Брент Ричард Венегастан 49:46, 49:46, 49:46 нәтижелерімен басым түссе, 60 келіге дейінгі салмақта Ержан Мұсафиров Малиек Доннел Монтгомериді 48:47, 47:48, 48:47 есебімен жеңіп шықты. 81 келіге дейінгі салмақта «Арландардың» хорватиялық легионері Хрвое Сеп қарсыласы Стив Нельсонға айқын басымдығын танытты. 69 келіде бірінші жекпе-жегіне шыққан Асланбек Шымбергенов Брайан Цебаллоны сабасына түсірсе, 91 келіден жоғары салмақта Филипп Хргович қарсыласы Брэндон Глэнтонды екінші раундта-ақ ауыр соққылардың астына алып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Марат Жақиев жаттықтыратын команда келесі кездесуін «Puerto Rico Hurricanes» командасымен өткізеді. Бұл жекпе-жектер де Қарағанды қаласында (14 ақпан) өтетін болады.

Сурет:worldseriesboxing.com

Оқи отырыңыз

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

«Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» клубын жеңді