«Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең үздік 10 сұрмерген

«Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең үздік 10 сұрмерген
Фото: sports.ru, manutd.com

Ағылшын премьер-лигасының ХХІІ тур ойындарында «Манчестер Юнайтед» сапында Уэйн Руни гол соғып, клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Оның голы командасын жеңілістен де құтқарып қалды.

Сырт алаңда «Сток Ситиге» қарсы өткен ойында Уэйн Руни алаңға екінші тайм ортасында шықты. Кездесу аяқталар тұста айып добынан асқан шеберлікпен гол соғып, әйгілі Бобби Чарльтонның рекордын жаңартты. Ағылшын футболының аңызы «қызыл сойқандар» сапындағы 249 голын 759 ойында соқса, Руни 250 голды 547 кездесуде соқты. Олай болса «МЮ» тарихындағы ең үздік 10 сұрмергенмен таныс бола отырыңыздар.

1. Уэйн Руни (2004-…) – 547 ойын - 250 гол
2. Бобби Чарльтон (1954-1973) – 759-249
3. Денис Лоу (1962-1973) – 404-237
4. Джек Роули (1937-1955) – 424-211
5. Деннис Вайоллет (1952-1962) – 293-179
6. Джордж Бест (1963-1974) – 470-179
7. Джо Спенс (1919-1933) – 510-168
8. Райан Гиггз (1990-2014) – 963-168
9. Марк Хьюз (1983-1986, 1988-1995) – 467-163
10. Пол Скоулз (1994-2013) – 718-155

О. Сансызбай