Әлемдегі ең қымбат 10 футболшы

Әлемдегі ең қымбат 10 футболшы
Фото: ForzaJuve.ru

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Рейтингте каталондық «Барселонаның» бразилиялық легионері Неймар көш бастап тұр.

«CIES» Неймарды әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 246,8 миллион еуроға бағалаған. Осыған дейін батыстық басылымдар бразилиялық ойыншының жұлдызды сәттері әлі алды екенін жарыса жазған еді. Тіпті кей сарапшылар 2018 жылы «Алтын допты» Неймар алатынын болжаған-ды.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Лионель Месси орналасқан. «CIES» аргентиналық шабуылшының құнын 170,5 миллион еуроға бағалаған. Үштікті осы маусымда ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» ауысқан Поль Погба түйіндеп тұр. Оның трансферлік құны 155,3 миллион еуро көлемінде екен (. 

Мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшыларының бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 7-орынға жайғасқан. «CIES» португалдық шабуылшы өзге командаға ауысар болса 125,5 миллион еуроға бағаланады деп топшылап отыр. Олай болса әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығымен таныс бола отырыңыздар.

1. Неймар («Барселона») – 246,8 миллион еуро
2. Месси («Барселона») – 170,5
3. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 155,3
4. Антуан Гризманн («Атлетико») – 150,4
5. Луис Суарес («Барселона») – 145,2
6. Гарри Кейн («Тоттенхэм») – 139,2
7. Криштиану Роналду («Реал») – 126,5
8. Пауло Дибала («Ювентус») – 113,8
9. Деле Алли («Тоттенхэм») – 110,5
10. Эден Азар («Челси») – 101,5.

 

Ө. Сансызбай