Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атанды

Геннадий Головкин "Жыл боксшысы" атанды
Фото: gazeta

Орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин BoxingNewsAndViews тұжырымы бойынша 2015 жыл боксшысы атанды.

Басылым ұйымдастырған дауыс берудің нәтижесі бойынша, Головкин 37,93 пайыз дауыс жинады. Екінші орында ұлыбританиялық Тайсон Фьюри тұр (23,56), ол қарашада Владимир Кличконың чемпиондық төрт белбеуін тартып алған болатын. Үздік үштікте америкалық кіші Флойд Мейвезер бар (18,97), ол қыркүйек айында мансабын аяқтаған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін НВО телеарнасының белгілі сарапшысы Харольд Ледерман Геннадий Головкинді "2015 жыл боксшысы" деп атады. Сарапшының мәлімдеуінше, оған Головкиннің күрделі әрі жекпе-жекті жиі өткізуге деген ынтасы ұнайды. Ледерманның айтуынша, боксшылардың көпшілігі жылына бір немесе екі кездесу өткізумен шектеледі, ал қазақстандық боксшы 2015 жылы үш рет жұдырықтасып үлгерді.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін