GGG «International Business Times» нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
GGG «International Business Times» нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды
Фото ©️ vk.com

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин «International Business Times» нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне тәуелсіз боксшылар (Pound-For-Pound) рейтингінде көш бастап, әлемнің үздік боксшысы атанды.

БӨЛІСУ

«International Business Times» салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингте әлемнің үздік боксшысы ретінде Геннадий Головкинді таныған. Олар қазақстандық боксшының өнерін жоғары бағалап, «2015 жылдың үздік боксшы» деп атады.

НВО телеарнасының белгілі сарапшысы Харольд Ледерман да Геннадий Головкинді жылдың үздік боксшысы ретінде бағалады. Ал АҚШ-тың танымал «USA Today» басылымы қазақстандық боксшының жекпе-жектерін «2015 жылдың үздік спорт суреттері» топтамасына қосты. 

Айта кетейік, GGG биыл кәсіпқой шаршы алаңда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады.

«International Business Times» нұсқасы бойынша Pound-For-Pound рейтингі:

1) Геннадий Головкин

2) Роман Гонсалес

3) Андре Уорд

4) Сауль "Канело" Альварес

5) Мэнни Пакьяо

6) Сергей Ковалев

7) Гильермо Ригондо

8) Теренс Кроуфорд

9) Кит Турман

10) Тимоти Брэдли