Руни Бобби Чарльтонның рекордын жаңартты (видео)

Руни Бобби Чарльтонның рекордын жаңартты (видео)
Фото: eurosport.ru

«Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Уэйн Руни Англия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Футболшы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Швейцария қақпасына гол соғып, әйгілі Бобби Чарльтонның рекордын жаңартты.

Уэйн Руни ұлттық құрама сапындағы 107-ші ойынына қатысып, 50-ші голын соқты. Нәтижесінде Англия құрамасының үздік сұрмергені атанып келген Бобби Чарльтон рекордының мұртын бұзды. 29 жастағы футболшы бұл нәтижесін жаңарта түсуіне әлі де мүмкіндігі бар. Бүгінде Уэйн Руни Англия құрамасының негізгі құрам ойыншыларының бірі саналады.

Уэйн Рунидің Англия құрамасы сапындағы 50 голы

Айта кетейік, Англия құрамасы Хари Кейн мен Уэйн Рунидің Швейцария қақпасына соққан голдарынан кейін 2016 жылғы Еуропа чемпионатына бару жолдамасына ие болды.

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ө. Сансызбай