Руни Англия құрамасының жаңа капитаны атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Руни Англия құрамасының жаңа капитаны атанды

«Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Уэйн Руни Англия құрамасының жаңа капитаны атанды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Рой Ходжсон мәлімдеді.

БӨЛІСУ

«Уэйн бұл статусқа толықтай лайықты қызмет етті. Ол қазірдің өзінде құрама сапында бірнеше ойынды бастап шықты. Оның «Манчестер Юнайтед» командасының да капитаны екенін жақсы білесіздер. Мен Уэйнмен ұзақ сөйлестім. Ол капитандық міндетті абыроймен атқарып шығуға дайын», - дейді Ходжсон.

Англия құрамасының капитандық міндетін бұдан бұрын жартылай қорғаушы Стивен Джеррард атқарған болатын. Ол Бразилия елінде өткен Әлем чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтады.

Сондай-ақ, құраманың бас бапкері Рой Ходжсон Норвегия құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге және 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында өтетін Швейцария құрамасына қарсы ойынға шығатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Англия құрамасының сапына алғашқылардың бірі болып қорғаушылар Калум Чамберс («Арсенал») және Дэнни Роуз («Тоттенхэм»), жартылай қорғаушылар Джек Колбек («Ньюкасл») және Фабиан Дельф («Астон Вилла») енді.

Англия құрамасы норвегиялықтармен 3 қыркүйек күні Лондон қаласында кездессе, Швейцария құрамасымен 9 қыркүйек күні Базель қаласында ойнайды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz