Елімізде шахматтың даму жайы қалай?

Елімізде шахматтың даму жайы қалай?
Фото: ҚШФ

40 турнир, халықаралық турнирлерден 102 медаль, шахмат мектебінде оқитын мыңға жуық балалар, Республикалық федерацияның 17 облыстық өкілдіктері,  бірінші рет өткізілген командалық Әлем чемпионаты және де біздің өкілеттіліктер ФИДЕ-де, міне осының барлығы Қазақстанда соңғы төрт жыл ішінде шахматты дамыту жолында атқарылған жұмыстар...

2015 жылдан бастап елімізде зияткерлік ойынның дамуында жаңа кезең басталды. Ал қазақстандық шахматты бұдан әрі не күтіп тұр?  Сауалдарымызды ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко және өзге де осы салада жүрген мамандарға қойған едік.

– 4 жылда қандай жетістіктерге жеттіңіздер?

— Федерацияны Ғалымжан Есенов басқарғаннан бастап көтеген жетістіктерге қол жеткізіп, жоғары деңгейге көтерілудеміз. 2018 жылы біздің спортшылар халықаралық турнирлерде 43 медаль жеңіп алды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 14 есеге көп.

Тек өткен жылдың ішінде біз тағы да бес облыстық және қалалық федерацияны ашқан болатынбыз. Қазір еліміздің барлық аймақтарындағы федерациялар саны 17-ге жетті. Жыл сайын 30-ға жуық турнир өткіземіз. Биыл ерлер мен әйелдер арасында алғаш рет командалық Әлем чемпионатын өткіздік. Сондай-ақ, спортшыларымызды тұрақты түрде халықаралық жарыстарға жіберіп отырамыз. Нон-стоп режимінде жұмыс жасап жатырмыз. «Самұрық Қазына", "Samruk-Kazyna Trust" және Shakhmardan Yessenov Foundation қорларының қолдауымен көптеген жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан ФИДЕ басқаруына енді, бірден алты өкіліміз комиссия құрамына кіріп, солармен бірге шешім қабылдайды. Бізге қарағанда ФИДЕ-де Ресей мен АҚШ өкілдері көп. 2017 жылы "Мектептегі шахмат" бағдарламасы іске қосылды. Жаттықтырушыларды жүйелі оқыту ағымға қойылды, құрамалардың жаттықтырушыларын таңдау конкурстық негізге ауыстырылды. Алдағы жоспарымызда, съезд аяқталғаннан кейін біз "Дворкович Кубогына" және сеньорлар арасындағы Азия чемпионатына дайындықты бастаймыз.

- Неге ФИДЕ президенті Әлем чемпионатын өткізу үшін Қазақстанды таңдады?

— Бәлкім, Қазақстанға сапары барысында ол ауқымды турнирлерді өткізуге дайын екенімізге көз жеткізген болар. Александр Машкевичтің жеке қатысуы және Еуразиялық компаниялар тобының қолдауы арқасында біз барлығын қысқа мерзімде, өте жоғары деңгейде ұйымдастырдық.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы командалық Әлем чемпионатына 14 елден 20 команда қатысты. Сондай-ақ чемпионатта Сергей Карякин, Дин Лижэнь, Майкл Адамс, ағайынды  Музычуктер сияқты және т. б. шахмат жұлдыздары болды. Аталмыш жарыс білдей бір фестивальге айналды деуге болады, өйткені Чемпионат аясында балалар турнирлері, бір мезгілді ойын сеанстары, дәрістер мен семинарлар және де тағы басқа көптеген іс-шаралар өткізілді.

– Аталмыш турнирде Әлем чемпиондары Ресей мен Қытай командалары болды, ал Қазақстанға әйелдер турнирінде 5–ші орын, ерлер арасында 8-ші орын бұйырды. Неліктен Сіз бұл турнир біз үшін табысты болды деп ойлайсыз?

— Барлығын бірге талқылап көрейік. Чемпионатқа әлемнің үздік құрамалары келді. Яғни, біздің елді турнир өткізетін ел ретінде таңдағанның арқасында, біздің спортшылар әлемдегі ең үздік шахматшылармен сайысу құқығына ие болды. Сонымен қатар, біздің спортшылар өткен чемпионатта бірнеше медальдарға ие болып, тамаша көрсеткіш көрсеткен болатын. Динара Сәдуақасова қытайлық Шен Янды жеңді, ал Жансая Әбдімәлік АҚШ-тың бірінші тақтасында Татев Абрамянды жеңді. Ең мықты украиндық құрамамен төрт бірдей тең ойын көрсеткенімізді де айтып өтсек болады. Ал біздің нөмірі бірінші спортшымыз Ринат Жұмабаев Карякинді жеңіп, фурор жасады. Сондықтан жігіттер мен қыздар үшін де 8 және 5 орын - бұл жақсы көрсеткіш, өйткені олар әлемнің үздік командаларымен сайысты.

КШФ-ның халықаралық турнирлер бойынша жобалау менеджері Камила Әбдірахманованың айтуынша, отандық спортшылардың жетістіктері жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 124 шахматшы 18 халықаралық турнирде 43 медаль жеңіп алған. Оның 11-і алтын.

- Қазақстан Федерациясына Ресейге кеткен Бибісара Асаубаева Әлем чемпионатының алдында ойда-жоқта қайтып оралды. Бұл қалай болды?

— Кету тек оның менеджері мен анасының шешімі болды, оған біз ықпал жасай алмадық. Сондай-ақ, оның Қазақстанға қайтуы да осылай болды. Шахматшы қыздан сұраныс келіп түсті, біз оны қарастырып, қанағаттандырарлық шешім қабылдадық. Біз спортшының қайтып оралғанына қуаныштымыз және оның командаға қысқа мерзімде қосылып кетуі үшін барлығын жасадық, – деп түсіндірді Ирина.

- Елімізде шахматтың даму нәтижесі қалай?

– Ішкі турнирлердің көпшілігі халықаралық турнирлерден кем түспейді, — деп санайды ҚШФ республикалық турнирлерінің үйлестірушісі Раушан Кулахметова, - олардың барлығын әлемдік стандарттар бойынша ұйымдастырамыз. Өткен жылы 20 турнир өткізілді, ал осы жылға 26 турнир өткізу жоспарланған. Бізде шетелдік шахматшылар келетін көптеген ашық турнирлер бар. Бұл біздің турнирлердің деңгейін айтарлықтай арттырады. 

Шахмат - бәрін біріктіретін ойын. Өткен жылы КШФ есту қабілеті шектеулі шахматшыларға арналған халықаралық турнирді өткізді. Ең үздік 33 шахматшы қатысты. Олардың ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстаннан спорт шеберлері мен ФИДЕ шеберлері болды. Ең жасы қатысушы - 19, ал ең қартаңы 82 жаста болды. Турнир алтыны Ташкентке кетті.

Өткен жылы ҚШФ журналистер мен блогерлер арасында шахмат турнирлерін ұйымдастырды. Фитнес-клуб қызметкерлері арасында да турнирлер өткізіледі. "Бодибилдерлер" арасында да көп шахматшылар бар. "Бізде тіпті қиын жағдайдағы балалар да шахмат турнирлеріне қатысады. Олардың бірін біз онкологиялық аурулармен ауыратын балалар арасында "Жас көшпенділер ойындары" аясында ұйымдастырдық", – дейді КШФ директоры.

Барлық қазақстандықтар арасында шахматты насихаттау мақсатында федерация өкілдері өңірлік мектептерді аралаған. Осылайша Қазақстанның 44 білім беру мекемелерінде жұмыс жасап жатқан "Мектептегі шахмат" жобасы дүниеге келді. Жобаның басты мақсаты - еліміздің барлық мектептерінде міндетті пән ретінде шахматты енгізу.

- 2017 жылы Алматы, Қызылорда және Павлодардың 18 мектебінде "пилоттық жоба" іске қосылды. Қазір бағдарламаға Шымкенттің тағы 26 мектебі қосылды. Шахмат пәнін 2000-нан астам бала оқып жатыр. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл бағдарлама Қазақстанның 30 қаласы мен ауылдарындағы тағы 40 мектепте іске қосылады, – дейді КШФ жобалар менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

- Біз 85 шахмат жаттықтырушысын оқытып, 41 мектеп психологын дайындадық. Алдын ала зерттеулер бойынша шахматтың балалардың үлгеріміне оң әсерін көрсететінін білдік. Бұл жай ғана қызықты ойын емес, сонымен қатар стратегиялық ойлауды дамыту құралы, есте сақтау және назар аудару қабілеттерін шыңдайды. Ал бұл дағдылар болашақта ересек өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Біз, сондай-ақ, ойынды оқытатын онлайн сайт пен оқу-әдістемелік құралдарын әзірледік.

Федерация кадр құрамының сапасына да баса мән береді. Осылайша, 2015 жылдан бастап федерация Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында алты шахмат жаттықтырушысын оқытуды және біліктілігін арттыруды ұсынды. Өткізілетін турнирлердің сапасын арттыру үшін федерация 20 адамнан өткен төрешілер курстарын ұйымдастырды, 11 төреші жаңа дәрежеге ие болды.

- Соңғы уақыттарда шахмат қазақстандықтарға қызықты бола бастады ма?

– Маған әр түрлі басылымдардың, телеарналардың журналистері жиі хабарласады ,- дейді КШФ баспасөз хатшысы Игорь Бушмелев, – 2015 жылға дейін қазақстандық БАҚ-та шахмат туралы 300 мақала шықты. Өткен жылы олардың саны 1000-нан асып түсті. 2019 жыл әлі аяқталған жоқ, ал біз бұл рекордты жаңартып үлгердік. Алда отандық және шетелдік БАҚ өкілдерін қызықтыратын жобалар баршылық.

- Дегенмен, осындай табысқа жеткен көптеген ұйымдар босаңси бастайды. Сіздерде бұлай болмайтынына кім кепіл?

- Жұмыс көп болғанда, "босаңсуға" уақыт жоқ. Осы жылға біз отыз республикалық турнирді, сондай-ақ бірнеше ірі халықаралық жарыстарды жоспарлап қойдық. 2019 жылы ФИДЕ сеньорлар арасында Азия чемпионатын өткізуді тапсырды. Алда "Алматы Опен" және "Астана Опен" халықаралық турнирлері тұр. Биылғы жылы шахматты оқытатын мектептер саны екі есеге артады. Екі ЖОО-да "шахмат бойынша оқытушы/жаттықтырушы" мамандығы бойынша тағы үш студент оқиды. Ал, осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда осындай мамандық жоқ болатын. Біз шахматты елдегі ең танымал интеллектуалды спорт түріне айналдыруға және оны білім беру жүйесіне енгізуге тырысамыз, - деді Ирина Грищенко.

О. Сансызбай