Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Реал Мадридтегі" өзгерістер немесе Гарет Бэйлдің дауы

"Реал Мадридтегі" өзгерістер немесе Гарет Бэйлдің дауы

Гарет Бэйл биылғы маусымды сәтсіз аяқтады. 29 ойында 8 рет мергендігімен, 3 рет нәтижелі пасымен ғана көзге түскен. Жалпы, биыл Бэйл үшін ғана емес, "Реал Мадрид" клубы да маусымды сәтсіз өткізді. 

©championat.com

Роналду эффекті (Эффект Роналду)

"Реал" клубының ойыны жүрмей тұр. Корольдік клуб биыл тарихындағы ең сәтсіз маусымды өткізді. Зинедин Зидан командасы Ла лигадағы соңғы ойынын "Бетистен" 0:2 есебімен жеңіліп қалды да, жеңілістер санын биыл 12-ге жеткізді. Команда чемпион, ежелгі қарсыласы "Барселонадан" 19 ұпайға қалып қойды. Тарихта бұл клубтар арасында ешқашан мұндай ұпай айырмашылығы болмаған. Әр маусымда 50 гол соғатын Роналдуды босатқасын, "Реал" командасы оның орнын басатын сұрмерген сатып алмады. Ал клубтың басқа ойыншыларында Роналдудағыдай жеңіске деген таусылмайтын "тәбет" болмай шықты. БАҚ пен жанкүйерлер "Реал Мадридтің" биылғы құлдырауын бір сөзбен – "Роналду эффекті" деп жарыса жазуда. 

"Реалдың" басты мәселесі – Гарет Бэйл

Маусым аяқталды. Енді жаңа маусымға тыңғылықты дайындалу керек. Бірақ корольдік клубтың басты мәселесі қазір жаңа ойыншылар сатып алу емес, Гарет Бэйл болып тұрған сияқты.

Уэльстік футболшы маусым соңындағы 3 ойында алаңға шықпады. Зидан оны "Вильярреал" мен "Реал Сосьедадқа" қарсы ойында тізімге енгізген жоқ. Ал соңғы "Бетиске" қарсы ойында Гарет тек қосалқы құрамда отырды. Оған ренжіген Бэйл ойын барысында ашуын оқыс қылықтарымен де білдіріп отырды. Ойын біткесін басқа командаластарымен бірге алаңға шығудың орнына киім ауыстыру бөлмесіне қарай кетіп қалған.

©Real-Madrid.ru

"Мен не үшін Бэйлді алаңға шығармадым? Себебі бүгінгі ойынға басқа футболшыларды жоспарлап қойған болатынмын. Егер футболшы команда ырғағына қосылып кетпесе, мен басқа нұсқаларды қарастыра бастаймын. Сол үшін де бүгін Асенсио, Иско және Лукас Васкес ойнады. Басқа ешқандай да мәселе жоқ. Бұдан кейін не болатынын да дөп басып айта алмаймын. Бірақ клубтағы шешімді мен шығарамын. Әлбетте, Гарет Бэйлдің бұл клубқа көп еңбегі сіңді, бірақ болашақ өткенмен емес, бүгінмен жасалады", – деді бапкер.

Бэйл бұл туралы нақты ештеңе айтқан жоқ. Radioestadio басылымының жазуынша, ол киім ауыстыру бөлмесінде командаластарына: "Менде келісім шарт бойынша әлі 3 жыл бар. Егер, олар менің кетуімді қаласа әр маусым үшін 17 миллион еуродан төлесін. Төлемесе "Реалдан" кетпеймін. Егер бұл үш жылды гольф ойнап өткізуге тура келсе, гольф ойнаймын", – деген көрінеді.

©Sportbox

"Реал" не үшін Бэйлден құтылмақшы? 

Былтырғы Чемпиондар Лигасының финалында қосалқы құрамнан алаңға шыққан Бэйл тартысты ойынға нүкте қойып, "Ливерпуль" қақпасына 2 гол соқты. Осыдан үміттенген Перес Роналдудан кейінгі "Реалдың" жұлдызы Бэйл болады деп үміттенген көрінеді.

Бірақ биыл бәрі керісінше. Клуб жазғы трансфер кезінде жаңа ойыншыларды сатып алмақшы. Ал оған, әрине, ақша керек. Испан басылымдары әлдеқашан Зидан келесі маусымда негізгі құрамнан көргісі келмейтін ойыншылардың тізімін шығарып, "жаназасын" оқып қойған. Олар: Кейлор Навас, Серхио Регилон, Хесус Вальехо, Тео Эрнандес, Дани Себальос, Хамес Родригес, Мартин Эдегор, Браим Диас, Матео Ковачич, Оскар Родригес, Борха Майораль және басты қаһарманымыз – Бэйл. 

Соңғы жылдары жарақаттардан көз ашпай, "шыны футболшы" атанған және бапкер Зиданмен келісімге келе алмаған уэльстік футболшыны сату "Реалдың" жаздағы басты мақсаттарының бірі. Бұл қымбат ойыншының трансферінен түсетін ақшаға клуб жұлдыз (Погба, Азар, Мбаппе) ойыншыларды сатып алады деген қауесет бар. "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды" деген халық нақылына сенсек, шетелдік БАҚ өкілдері "Азардың бір аяғы Реал Мадрид алаңына тиіп тұр, ал Мбаппе "ПСЖ" клубынан кетуге емеурін білдіріп жүр" деп жарыса жазуда.

Гарет Бэйл "Реал" сапында жалпы 231 ойын өткізіп, 102 рет қақпаны дәл көздеп, 64 рет нәтижелі пас шығарған. Клубпен бірге 13 кубок иегері атанған. ©vk.com

Уэльстік кәрі қасқыр кімге керек? 

Бірақ Бэйлден "құтылу" оңай болмайын деп тұр. Барлығымызға мәлім, бұл футболшы жақында 30 жасқа толады. Жылдамдығы, спорт формасы, ойыны жылдан жылға төмендеп келеді. Бұдан бөлек жылына ол өте жоғары жалақы (17-20 млн еуро) талап ететін ойыншы. Логикаға сүйенсек, "Реал" оны өз құнынан біраз арзан бағаға сатуы керек.

Бэйлдің ішкі чемпионаттағы әр жылдардағы статистикасы.

Егер Бэйл королдік клубтан кетсе, қайда баруы мүмкін. Алып-қашпа сыбыстарға қарағанда оған "Қызыл сойқандар" мен экс клубы "Тоттенхэм" "құда түсуі" ғажап емес. Бірақ телевизион келісім шарттар арқылы қалтасы қалыңдап отырған аталған клубтар өз тағынан тайып бара жатқан футболшыны сатып ала қояр ма екен?

Гарет Бэйлде екі жол бар: Біріншісі, жалақысы аз болса да, топ клубтардың бірінде қалу немесе ақшаның артынан Қытайға бару. 

Айтпақшы, жылына 17 миллион еуро алып, гольф ойнау жолын да ұмытып кетпейік.

0
Рейтинг: +4

Фото: vbetnews.com
Қосылған күні: 23 мамыр, 08:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.