Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Корольсіз тақ немесе Корольдік клуб атына сай болмай тұр

Корольсіз тақ немесе Корольдік клуб атына сай болмай тұр

Корольсіз тақ немесе Корольдік клуб атына сай болмай тұр

22 қыркүйек күні Асенсио тарапынан "Эспаньол" қақпасына соғылған гол VAR көмегімен есепке алынып, "Реал Мадрид" кезекті 3 ұпайды иеленген еді. Осы ойыннан кейін корольдік клуб футболшыларына көз тиді ме Ла лигада өткізген 3 ойыннан бар-жоғы 1 ұпай еншіледі. Екі рет жеңіліп қалды. Чемпиондар Лигасында Мәскеуге келіп тағы да жеңілістің кермек дәмін татып қайтты. Барлығын өте жақсы бастаған корольдік клубқа соңғы уақытта не болды? 

Трансфер базарындағы пассивтік 
ХХІ ғасырда доп тепкен кез келген "Алтын доп" иегері "Реал Мадридте" ойнаған немесе мадридтіктер оны сатып алуға әрекет етіп көрген. Оуэн, Зидан, Фигу, Кака, Роналду, Каннаваро... "Реал Мадрид" футбол аспанындағы ең жарық жұлдыздарды өз сапына қосып отырған. Бұл корольдік клубтың атына сай ең марғасқа теңбіл доп шеберлері яғни футбол патшалары осы клубта ойнайды дегенді білдіретін.

Криштиану Роналдудың Мадридтегі ең жарқын жылдары артта қалды деп есептеген клуб басшылығы оны сатып жіберуге шешім қабылдады. Мүмкін азуы босап отырған кәрі арланды уақытында жақсы суммаға сатып жібергендігі дұрыс та болған шығар. Жанкүйерлер де бұл жайтты дұрыс түсініп, клубта жаңа дәуір басталады деп күтті. Ол үшін командадан Роналдудағыдай жеңімпаз рухқа ие футболшы шығуы немесе басшылық басқа жұлдыз сатып алуы шарт еді. Бірақ олай болмады. Мысалы командадағы Модрич, Кросс, Бэйл немесе Иско – өте мықты футболшылар. Реал  футболшылары әлі де Еуропаның ең күшті командасының бірі. Бірақ аталған футболшылар былтыр да құрамда бар болды. Криштиану Роналдудың әр маусымда 50 голын реалдықтар немен толтырамыз деп ойлағаны бізге жұмбақ. 

Эден Азар, Килиан Мбаппе, Харри Кейн, Мохаммед Салах... бірі аздау, бірі көптеу бұлардың барлығының есімі "Реал Мадрид" клубымен бірге соңғы жылдары қосақталып жиі айтыла бастады. Әсіресе, Роналду кеткенен соң Перес бір үлкен трансфер жасайды деп барлығы ойлады. Тіпті соны күтті. Бірақ Перес Зиданның тәсілін ұстанып Асенсио, Сабальос, Васкес сынды жастарға сенді. Бірақ оларды тәрбиелейтін Зиданның өзі клубты тәрк еткені кім-кімге де аян. 

Бір жағынан Пересті түсінуге де болады. Гарет Бэйл, Асенсио немесе Бензема, Модрич сынды футболшылар құдды Роналдудың көлеңкесінде қалып, кезі келсе олар да бір клубқа жетекшілік қыла алатындығы туралы көп айтылды. "Реал" тамызда жақсы ойын өрнегін көрсеткенде, бұл сөздердің жаны бардай көрінген еді. Футболшылардың өзі де Роналдудың кетуімен командада ештеңе өзгермейтіндігі туралы сұхбаттар бере бастады. Бірақ бұлай айту ерте екендігін "Реалдың" соңғы ойындарынан куә болып отырмыз.

Біріншіден, лидердің рөлі команда жақсы ойнап жатқан кезінде емес, ойын жүрмей, ойыншылар бұрышқа қысылып қалған кезінде білінеді. Роналду міне осындай бірнеше ойында жоқ жерден гол соғып "тынышталыңыздар, мен осы жердемін" деп белгі беретін. Алғашқы кезде Лопетеги философиясы да, тактик дайындығы да өз нәтижелерін беріп жатқан еді. Мұндай кезде кез келген футболшы өзін көрсете алады. Бірақ қарсылас қаттырақ қысып жіберген еді, "Реалға" "ауа жетпей", командадағы жетекшілер көрінбей қалды. 

Екіншіден, бұрын осындай қиын кездерде бүкіл БАҚ пен жанкүйерлер Роналдуға шүйлігіп, команданы естен шығаратын. Сол кезде Бэйл жарақатынан айығып, Модрич қалпына келіп, Бензема гол соғуды үйреніп алатын. Енді реалдық ойыншылар жетекшілік қыла алмай жатқандығынан бөлек "Роналду" бола алмай жатқан жайы да бар. 

Иско және басқалар 
Команда сапында негізгі рөл ойнаған бірқатар футболшылардың жоғары формада еместігі, жарақаттар, басқа да келеңсіз оқиғалар және "Реалдың" сәтсіздіктерімен байланыстыруымызға болады. Мысалы, Лопотеги осыдан бұрын Испания ұлттық құрамасын жаттықтырғаны көзіқарақты спорт сүйер қауымға мәлім. Сол кезде ол Исконы негізгі шабуылшылар мен қорғаушыларды байланыстыратын жартылай қорғаушы етті. Бір сөзбен айтқанда Иско ойын ырғағын бақылайтын дирижер болды. Лопотеги "Реалда" да осы тәсілді қолданатыны бәрімізге белгілі еді. Бірақ Исконың аяқастынан ауырып қалуы командаға өте қатты әсер етті. 

Статистикаға қараңыз: 
"Реал" Искомен бірге 5 ойын өткізіп 4 жеңіс, 1 тең ойынға қол жеткізген. Доп айырмашылығы: 15:3. Бұл ойындардың үшеуінде Иско негізгі құрамда ойынға шығып, "Реал" әр үш ойында да жеңіске жетті.

Исконың саптан шыққанан кейінгі нәтижелер: 4 ойын – бір тең ойын, 3 жеңіліс. Доп айырмашылығы 0:6. 

Сонымен бірге Карвахаль, Марсело, Бэйл сынды ойыншылар 4 ойында жарақаттарға байланысты кезектесіп саптан шықты. Әлем чемпионаты финалшысы Модрич демалыстан кеш қайтуына байланысты бұрынғы ойын өрнегін таба алмай, көктемдегі Модричтен әлі біраз ұзақта болып жүр. Ал Мәскеудегі ойынға команда капитаны Рамос шақырылмады. Негізінде осы аты аталған ойыншылар Роналдудың міндетін өзара бөліп алулары қажет еді.
 
Жаңа бапкер 
Соңғы жылдары "Реалдың" осы командасын жаттықтырған бапкерлер – Жозе Моуриньо, Карло Анчелотти және Зинедин Зиданның ортақ ұқсастықтары бар. Үш бапкер де тактик есебінде атағын шығармаған. Бұл бапкерлер негізінен команданы басқару, міндеттер жүктеу, футболшылардың мүмкіндігінен максималды түрде пайдалану барысында жұмыс атқарған. 
 
Хулен Лопетегидің әдісі басқаша. Ол алдымен тактик және өз философиясындағы ойын өрнегін түзуге әрекет етеді. Бұл бірде сәтті шықса, бірде нәтиже бермей жатыр. Егер бұл ойын өрнегі дұрыстап құрылса болашақта клубқа жұлдыздар керек болмай қалуы  да мүмкін. Сол себепті кейде Модричтің орнына Себальос ойнаса, бұрын елестетудің өзі қорқынышты Кроос негізгі құрамға енбей қалып, ешкім түсінбейтін жағдайлар орын алып, кейбір футболшыға жоғары сенім білдірілсе таң қалмау керек. Бұл шешімдер жай немесе бапкердің еркінен тыс, шарасыздықтан емес Лопотегидің тактикасына негізделген және ойыншының мәртебесі немесе жұлдыздығына емес, футболшының осы тапсырманы қаншалықты дұрыс орындауы негізге алынып жасалып отыр. 

Қазір "Мадридте" түсінбеушілік өз әмірін жүргізіп тұр. Бапкердің шешімі команда үшін де басшылық үшін де әдеттегідей емес болып тұр. Ол бір ойыншыға байланып тактика құрумен ұзаққа бара алмайтыны кәміл. Тіпті соңғы уақытта Лопотеги орындығының шегесі босай бастады. Оның орнына Антонио Конте "екі алақанын ысқылап отыр" деген сынды хабарлар басылым беттерінде пайда болды. 
 

Қорытынды 
Әлі ешкім ештеңе жоғалтқан жоқ. Ла лигадағы чемпиондық енді басталды. Әдетте осы кезде "Реал" "Барселонадан" 10 ұпай айырмашыдықпен артта қалып қоятын, бұл жолы арадағы айырмашылық аса көп емес. Католондықтар да ұпай сыйлаудан королдік клубтан қалыспай келе жатыр. Арадағы айырмашылық әзірге 1 ұпай ғана. Ал көш бастап тұрған "Севилиядан" 2-ақ ұпай артта келе жатыр. Мадридтіктер "Атлетико" және "Севилиямен" өз ойынын өткізіп алғанын, олар енді "Барселона"-мен кездесу өткізетінін есепке алатын болсақ, бұл айды реалдықтар көш бастап аяқтауы да әбден мүмкін. Эл классикодан бұрын "Реал" командасы "Леванте" және Чемпиондар Лигасында "Виктория" клубымен ойнайды. Ойынды пысықтап алу үшін қолайлы әрі жеңіл қарсыластар. Оған дейін Иско да айығып, командаға қайтады. 
 
Чемпиондар Лигасында "Реал" тобы қиын емес. "Романы" ірі есеппен жеңді. Викторияны жеңсе плей-офф мәселесі шешіледі деп ойлаймыз. Бұл жағынан алаңдау орынсыз. 

Пеп Гвардиоланың Англиядағы бірінші маусымын негізге алатын болсақ, Лопотегиге ең болмағанда маусым соңына дейін мүмкіндік беру керек сияқты. Себебі 5 жылда 4 рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алған "Реал Мадрид" жеткілікті дәрежеде сабыр ету бонусына ие.
0
Рейтинг: +0

Фото: realmadrid.ru
Қосылған күні: 10 қазан, 14:14
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.