Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Жозе Моуриньюдің «қара тізіміне» іліккен футболшылар

Жозе Моуриньюдің «қара тізіміне» іліккен футболшылар

Жозе Моуриньюдің «қара тізіміне» іліккен футболшылар

Танымал футбол жаттықтырушысы Жозе Моуринью жаңа маусымнан бастап Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын жаттықтырып жүргенін жанкүйер қауым жақсы біледі. Десе де португалдық маман манкуниандық ұжымды жаңа қырынан танытып үлгерген жоқ.

«Қызыл сойқандардың» басшылығы Жозеге ойыншылар сатып алуға мол мүмкіндік берді. Француз Поль Погбаны қатарларына қосты. Футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы ретінде бағаланды. Дегенмен бұл ойыншы «Манчестер Юнайтедте» сәтті ойынын таба алмауда. Әлде Жозе бапкер жоспарына жығылып жүр ме екен? Қош, сонымен бүгінгі айтпағымыз Погба жайлы емес, Жозеге ұнамай жүрген ойыншылар жайлы...

«Манчестер Юнайтедте» Жозе Моуриньюдің «қара тізіміне» іліккен ойыншылар жетерлік. Олардың алдыңғы қатарында – Бастиан Швайнштайгер, Морган Шнайдерлин, Генрих Мхитарян, Мемфис Депай, Хуан Мата, Матео Дармиан мен Уэйн Руни. Қосалқы құрамды қоспағанда, осы ойыншылардың өзіне португалдық маманның негізгі құрамынан орын табылмай тұр.

Жозенің «қара тізіміне» іліккен ойыншылар алдағы қысқы ауысым кезінде өзге клубтарға ауысуы мүмкін. Бастиан Швайнштайгер о бастан жаттықтырушының көңілінен шыққан жоқ. Ал Морган Шнайдерлиннің ойыны Жозенің жоспарына тура келмейді екен. Француз футболшысының агенттері жаңа клуб іздестіруге кірісіп үлгерген.

Армян футболшысы Генрих Мхитарян «қызыл сойқандардың» назарына Луи ван Гал тұсында ілікті. Клубтың бұл көзқарасын Жозе Моуринью құп көрді. Десе де жартылай қорғаушы португалдық жаттықтырушының негізгі құрамына ілікпей келеді. Кей ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша Генрих Мхитарян алдағы қыста-ақ өзге клубқа ауысып қалуы мүмкін екен.

Мемфис Депай да Жозе бапкердің «жүрегін жаулай алмады». Жеке басының шеберлігіне жиі сенім артатын шабуылшы қысқы ауысым кезінде өзге клубқа ауысуы бек мүмкін. Себебі бас жаттықтырушы бұл ойыншының «МЮ»-дегі болашағына күмәнмен қарайды. Қазіргі таңда нидерландылық ойыншыға «Рома», «Милан», «Ювентус» және «Вольфсбург» командалары қызығушылық танытуда.

Хуан Мата Жозе Моуринью «Челсиді» жаттықтырып жүргенде-ақ командадан «қуылған еді». «Манчестер Юнайтедте» де испан ойыншысы жаттықтырушының көңілінен шығуы екіталай екенін жанкүйерлер ерте-ақ айтты. Хуан Мата негізгі құрамнан көп орын алып жүрген жоқ. Десе де ол алғашқы минуттарда алаңға шыққан ойындарда «қызыл сойқандар» сәтті өнер көрсетіп келеді. Сондықтан да Жозенің бұл ойыншыны алып қалуы әзірге белгісіз.

Матео Дармиан да алдағы қыста өзге клубқа ауысуы мүмкін. Бапкер бұл ойыншыға да негізгі құрамнан орын беріп жүрген жоқ. 28 жастағы ойыншыға «Интер» клубы қызығушылық білдіруде. «МЮ» ойыншыны италиялық командаға жалға беруі мүмкін.

«Манчестер Юнайтедтің» бойтұмарына айналған ойыншылардың бірі – Уэйн Руни. Соңғы уақытта бұл футболшының да командадан кететіні туралы айтылуда. Жозе ойыншыны ылғи негізгі құрамда ойнатуға даяр емес. Шабуылшының шау тартқаны да бар. Сондықтан да Уэйн Руни қысқы ауысымға дейін 4 гол соғып, Бобби Чарльтонның рекордын жаңартар болса өзге командаға ауысуы мүмкін. Яғни, «Манчестер Юнайтед» клубы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанатын болады.

«Манчестер Юнайтед» ағылшын премьер-лигасында IX турдан кейін 14 ұпаймен 7-орында келеді. Басты қарсыластарына қарсы ойында жеңіліс табумен келеді. Бүгін түнде команда Англия лигасы кубогы аясында «Манчестер Ситимен» ойнайды. Команда соңғы рет Лондонда «Челсиге» 4:0 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Фото: google.kz
Қосылған күні: 26 қазан 2016, 19:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.