Ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам 10 футболшы

Ағылшын премьер-лигасындағы ең жылдам 10 футболшы
Фото: google.kz

«Opta Sport» спорттық сараптамалық орталығы осы маусымдағы ағылшын премьер-лигасының ең жылдам футболшыларының рейтингін жариялады.

Әлемдегі ең желаяқ ойыншылардың бірі саналатын лондондық «Арсенал» шабуылшысы Тео Уолкотт алғашқы ондыққа енбей қалған. 11-орыннан көрініпті. Бәлкім, шау тартты ма екен? «Саутгемптон» клубының шабуылшысы Шейн Лонг ең жылдам футболшы атанып отыр. Оның мүмкіндігі сағатына 35,32 шақырымдық жылдамдыққа ие екен. Екінші орынға «Сандерленд» клубының жартылай қорғаушысы Линден Гуч (35,19 шақ/сағ) орналасса, үштікке «Тоттенхэм» қорғаушысы Кайл Уокер (35,18 шақ/сағ) еніп отыр. Олай болса ең жылдам ойыншылар ондығы төмендегідей:

1. Шейн Лонг («Саутгемптон») – 35,32 шақ/сағ

2. Линден Гуч («Сандерленд») – 35,19

3. Кайл Уокер («Тоттенхэм») – 35,18

4. Джейми Варди («Лестер») – 35,1

5. Джеймс Макклейн («Вест Бромвич») – 35,04

6. Эндри Грэй («Бернли») – 34,87

7-8. Адама Траоре («Мидлсбро») – 34,84

7-8. Эрик Байи («МЮ») – 34,84

9. Этьен Капу («Уотфорд») – 34,83

10. Уилфрид Заа («Кристал Пэлас») – 34,79

Ө. Сансызбай