Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Гольф ойыны қалай пайда болды? 2-бөлім

Гольф ойыны қалай пайда болды? 2-бөлім

Гольф ойыны қалай пайда болды? 2-бөлім

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

Гольфтың танымалдығы XVI ғасырдың басынан бастап барынша арта түсті. Оған бірден-бір себеп шотландықтардың осы ойынға деген махаббатының өшпестігі болғаны анық. Сол кезде тіпті Блэкхитте гольфке арналған жеті бірдей алаңқай (лунка) пайда болды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін король Чарльз I бұл ойынға барынша қамқорлық танытып, оның дамуына үлкен үлес қосты. Ал оның әйелі француз қызы Мэри Францияға білім алуға келгенде өз елін осы бір тамаша ойынмен таныстырады. Негізінде, кэдди термині кадет деген сөзден шыққандығы айтылады. Сол кезде осындай атқа клюшкаларды тасушы әрі жолды тазалаушы қызметін атқарған  патшайымның көмекшілері, француздық әскерилер ие болған екен. Ал гольфке арналған бэгтер (сөмкелер) тек 1870 жылы ғана пайда болғаны белгілі. 

2

Сол замандағы алғаш пайда болған гольф алаңы ретінде Эдинбург жанындағы Лайтты (Leith) айтсақ болады. Король Чарльз I 1641 жылы ирландиялықтардың көтерілісі басталғандығы жөнінде хабар алғанда осы гольф алаңында болды деген деректер бар.

Гольф – спорт түрі ретінде.

Алғашқы гольф клуб 1744 жылы ашылып, The Gentlemen Golfers of Leith деген атауға ие болған. Бұл жерде жыл сайын жарыстар өткізіліп, жеңімпазға күмістен құйылған таяқша (клюшка) сыйға беріліп отырған. Сондай-ақ, дәл осы жерде Дункан Форбс (Duncan Forbes) ойынның негізгі ережелерін бекіткен.

Ереже бойынша, ойыншыларға суға түскен допты құрғақ алаңға қайта шығаруға мүмкіндік берілген. Кейін клубтың аты өзгертіліп, ол Honourable Company of Edinburgh Golfers («Эдинбург гольфшыларының құрметті ұйымы») деп аталған, ал 1768 жылы клубтың аумағында үлкен клаб хаус пайда болыпты.

1754 жылы Сент-Эндрюс гольфшыларының ұйымы Лайт ережелерін негізге ала отырып, жыл сайын өздерінің жеке жарыстарын ұйымдастырып тұрды. Strokeplay (әрбір 18 алаңқайға есеп жүргізіледі) тұңғыш рет 1759 жылы пайда болып, 1764 жылы Сент-Эндрюстегі алаңқайлар санын 22-ден 18-ге қысқартады. Сол кезден бастап гольф раундтары нақты 18 алаңқайдан тұратын болды. 

Ал әйелдер арасындағы алғашқы гольф клубы осы Сент-Эндрюсте пайда болды. 1834 жылы Вильям король клубқа Royal & Ancient құрметті есімін берді. Осылайша, клуб әлемдегі ең үздік деп танылды. Оған негіз де жоқ емес еді: бұл жерде өте жоғары сапалы алаңқайлар болды, дәл осы жерде гольфтың жалпы ережелері бекітілді. Одан бөлек, клуб король династиясы қамқорлығында болып, ең бастысы осы жерде толыққанды спорт түрі болып қалыстасты.

Таяқшалардың басы жеміс-жидек ағаштарынан ойылып жасалынды, мысалы, алма ағашы. Кейбір таяқшалар қақталып құйылды. Ал оның қолмен ұстайтын бөлігі шаған мен жаңғақ ағаштарынан жасалды. 

Айта кету керек, қолдан жасалған бұйымдар арзан болмаған. Сондықтан спорттың бұл түрімен барлығы бірдей ойнай алмаған. 

Гольф халықаралық ойын түрі ретінде.

19 ғасыр Ұлыбритания империясының барынша дамыған шағы болып саналады. Сол кездегі «күн империяның үстінен батпайды» деп айтылған сөз британдықтардың қандай халде болғанын анық көрсетеді.   

Сол замандағы Британия аралдары мен Американың аумағынан тыс гольф клубтарының көпшілігін Достастық ұйымдары құрды. Шотландия аймағынан тыс жердегі алғашқы клуб 1766 жылы Лондонның жанында ашылып, ол Royal Blackheath деп аталды.

Алайда осы аймақта гольфты сонау 1608 жылдан бастап ойнайды деген де дерек бар. Ал Британия жағалауынан тыс алғашқы клуб 1820 жылы Үндістанда пайда болды.

Осылайша, Британия империясының кеңеюімен бірге гольфтың да таралу аймағы да ұлғая берді. Кейінірек Үндістанда, дәлірек айтсақ, Калькуттада Корольдік гольф-клуб ашылады. Ол Британ аралдарынан тыс жердегі ең ежелгі гольф клуб болып саналады.

Одан бөлек, Бомбейдегі 1852 жылы құрылған Корольдік клубты, Ирландиядағы 1856 жылы салынған Royal Curragh клубы, Франциядағы Pau клубы (1856 жылы), сондай-ақ Adelaide (1870), Royal Montreal (1873), Cape Town (1885), St Andrew"s of New York (1888) және Royal Hong Kong (1889) клубтары да ең ежелгілер қатарында. Айта кетелік, кейбір тарихшылар Чарльстаундағы South Carolina клубы бәрінен ерте 1786 жылы ашылды дегенді де айтып жүр.

Өнеркәсіптегі төңкеріс елдердің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін түбегейлі өзгерткені белгілі. Теміржол көлігінің дамуы жаппай туризмнің қарыштау алға басуына негіз болды. Енді адамдар өздерінің туған жерлерінен жырақтағы елдерге саяхат жасап, олардың мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Осылайша гольф клубтары көп елдерде пайда бола бастады. Және де қалтасы қалың адамдар оны әр демалыс сайын ойнауға дағдыланды.

Белгілі бір уақыта дейін гольфке арналған құрал-жабдықтар қолдан жасалып келді. Сондықтан да гольф тек қалтасы қалың азаматтардың ғана ойыны деп саналды. 1848 жылы конвейерден басы мен ұстайтын бөлігі металлдан жасалынған клюшкалар мен гуттаперчиден жасалған доптар шыға бастаған кезде спорттың бұл түрі көпшілік үшін қолжетімді бола бастады.  

Осы оқиғалардың барлығы гольфтың танымал спорт түріне айналуына үлкен себеп болды.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bansko4you.com

Қосылған күні: 28 ақпан 2014, 08:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.