Қазақстан Токио Олимпиадасында 2 алтын алады – Gracenote

Қазақстан Токио Олимпиадасында 2 алтын алады – Gracenote
Фото: gracenote.com, SlashGear

Танымал Gracenote статистикалық агентігі 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына болжам жасады. Олардың сараптауы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын алады. 

Статистикалық агенттіктің сараптауы бойынша жапон жерінде АҚШ спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алады. Олар 51 алтын, 34 күміс, 41 қола медаль еншілейді деп болжанған. Сондай-ақ алғашқы үштікке Қытай (38 алтын 24 күміс 19 қола) мен Жапония (29 алтын 26 күміс 12 қола) құрамалары енеді деп топшылауда. 

Қазақстан құрамасы Токиода 2 алтынмен қатар, 4 күміс, 5 қола алады деп жазылған. Жалпыкомандалық есепте 11 медальмен 27-орыннан көрінуі мүмкін. 


Айта кетейік, Рио Олимпиадасы алдында "Gracenote" қазақ спортшылары 4 алтын 3 күміс 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 23-орын алады деп болжаған еді. Бразилия жерінде қазақ спортшылары 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың басты додасында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Н. Үсенова