Токио Олимпиадасының медальдары қандай болады?

Токио Олимпиадасының медальдары қандай болады?
Фото: Reuters©

Төрткүл дүние көз тігетін Токио Олимпиадасының басталуына тура бір жыл уақыт қалды. Жарыстың ұйымдастыру комитеті Олимпиада медальдарын ресми түрде таныстырды. 

Әр медальда Токио Олимпиадасының эмблемасы, артқы бөлігінде ежелгі гректердің құдайы Ника бейнеленген. Медаль дизайнын жапон Дзюньити Каваниси жасаған. 

Барлық медальдар ескі электроника құрылғылары қалдықтарынан жасалған. Салмағы 550 граммды құрайды. 

Айта кетейік, ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Олимпиада ойындарында 33 спорт түрінен 339 медальдар жиынтығы таратылады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 10 жолдама бар.

Н. Үсенова