"Канело" мен Джейкобс салмақ өлшеу кезінде жаға жыртысты

"Канело" мен Джейкобс салмақ өлшеу кезінде жаға жыртысты

Орта салмақта WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес пен IBF белбеуі иегері Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Сондай-ақ көз арбасу кезінде боксшылар бір-біріне жұдырықтарын ала жүгірді.

Екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Мексикалық боксшының салмағы 159,5 фунт (72,347 кило) болса, америкалық қарсыласынан 227 грамм ауыр (72,574 кило) болып шықты.

Көз арбасу кезінде боксшылар бір-бірінің шамына тиетін сөздер айтып, жағадан алды. Жанкүйерлер енді екі боксшының қарымын шаршы алаңда көретін болады.

Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобс T-Mobile аренада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Нұр-Сұлтан уақытымен жексенбінің таңында шаршы алаңға көтеріледі.

Мексикалық боксшы отандасымыз Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңіп иеленген чемпиондық белбеулерін алғаш рет қорғайды. Жекпе-жекте барлығы үш чемпиондық атақ бәске түседі.

GGG екі боксшымен де жұдырықтасқан. "Канеломен" бір рет тең түсіп, бір рет төрешілер шешімі бойынша есе жіберді. Ал Дэниэл Джейкобсты айқын жеңген. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді