Жас боксшыларымыз Бакуде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды

Жас боксшыларымыз Бакуде өткен турнирде бес медаль жеңіп алды
Фото: Данияр Майлыбаев

Әзербайжан елінің астанасы Бакуде президент Гейдар Алиев жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде жас қазақ боксшылары бес медаль жеңіп алды.

63 кило салмақ дәрежесінде Тоқтасын Бабаханов жарыс жеңімпазы атанды. Ол жұдырықтасқан қарсыластарының барлығын айқын ұтып шықты. Ислам Махашев (54 кило), Елнұр Сүйінбай (57 кило) және Нұрдос Қуаныш (75 кило) күміс жүлдегер атанды. Қоржынға түскен қола медальды Жанболат Гамиров (80 кг) иеленді.

Айта кетейік, Бакудегі бәсекеге Қазақстан құрамасы атында 9 жас боксшы аттанған болатын.

Ө. Сансызбай