Алдап жеңгісі келген моңғолды қазақстандық спортшы ауыр жазалады

Алдап жеңгісі келген моңғолды қазақстандық спортшы ауыр жазалады

26 қаңтар күні Mongol Fighting Championship ұйымдастыруымен Ұлан-Баторда ережесіз жекпе-жек кеші өтті. Бұл турнирде Қазақстан мен Ресейден барған 5 спортшы жергілікті 5 спортшымен шайқасты.

"АСА" циркі алаңында өткен жекпе-жектер арасында жанкүйерлер Батбаатар Батур мен қазақстандық Али Кабдулла кездесуін асыға күтті.

Әлеуметтік желілерде "Аңшы" деген лақап атпен танылған моңғол спортшысына жергілікті жанкүйерлердің қолдауы зор болды. Осыған дейін 6 жекпе-жекке шығып, 4-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Түрлі жарнамаларға түсетін моңғол елінің жұлдызы да. Ал Али Кабдулла болса жауынгерлік самбодан екі дүркін Қазақстан чемпионы. Осыған дейін 2 жекпе-жек өткізіп, қарсыластарын ұтып шыққан.

Жекпе-жек алдында спортшылар бір-біріне құрмет көрсетіп, қол алысатынын спортсүйер қауым жақсы біледі. Қарсыластың қолын алмау, уақытынан бұрын соққы жасау спортта сирек кездеседі. Қазақстандық спортшы да  осылай қол алысып барып бастаймыз деп ойласа керек. Алайда моңғол Батбаатар Батур бұл әдептен аттап, Алиге бірден соққы жасады. Күтпеген соққыдан қазақстандық спортшы бірден құлады. Моңғол спортшысы соққының астына алды.

Али Кабдулла аянып қалмады. Қарсыластың құрсауында болса да, әдіске салуға көшті. Батбаатар Батурдың аяғын қайырып, жоспарын жүзеге асырды. Төреші моңғол спортшысының жеңілгенін көріп, жекпе-жекті жылдам тоқтатты. Али айқын жеңіске жетті.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN