Қазақстандық кәсіпқой боксшы Boxrec рейтингінде 116 орын жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Boxrec рейтингінде 116 орын жоғарылады
Фото ©️ Eye of the Tiger Management

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанғаннан кейін Boxrec рейтингінде 116 саты жоғарылады.

БӨЛІСУ

20 жастағы қазақстандық боксшы бірінші орта салмақтағы әлемдік рейтингте 201-орында тұрған еді. Күні кеше Монреальда мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) жеңіп, чемпион атанғаннан кейін 85-орынға бір-ақ көтерілді. Мұны зор жетістік деп санауға болады.

Бірінші орта салмақтағы рейтингке барлығы 1850 боксшы енген. Көш басында WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО) тұр. Бұл салмақта қазақстандық боксшылар арасында Садриддиннен жоғары (80-орын) Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) орналасқан. Ол өткен жылдың желтоқсан айында WBC Asia құрлықтық чемпиондық атағын иеленген болатын.

Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Барлық жекпе-жектерінде уақытынан бұрын жеңіске жетіп келеді. Әуесқой бокста ол 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған.