Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Тәртібі үшін сыйақы алатын футболшы

Тәртібі үшін сыйақы алатын футболшы

Тәртібі үшін сыйақы алатын футболшы

Италиялық шабуылшы Марио Балотеллиді футбол жанкүйерлері жақсы таныса керек. Футболшы күні кеше Францияның "Марсель" командасына ауысты.

Шабуылшы осыған дейін "Ницца" клубында ойнап келген еді. Енді маусым соңына дейін "Марсельде" ойнайды. Өзін тамаша қырынан таныта білсе, келер маусымда да осы командада қалуы мүмкін.

Кей бейресми деректер бойынша жаңа командасы футболшы үшін 4 миллион еуро шығындаған. 1,4 миллион еуро көлемінде қосымша сыйақылар да бар. Сондай-ақ "Супер Мариомен" арнайы келісімшарт та жасалған. Шабуылшы маусым соңына дейін 10 гол соғатын болса, еңбекақысынан бөлек 600 мың сыйақы алады. Одан өзге клуб этикасын бұзбай, тәртіпті болғаны үшін 800 мың еуро көлемінде сыйақы да қарастырылған. Тәртіп бұзған жағдайда төленбейді.

Марио Балотелли "Интер", "Манчестер Сити", "Милан", "Ливерпуль" мен "Ницца" клубтары сапында доп тепті. "Интермен" 3 рет Италия чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды. "Манчестер Ситиде" ойнап жүргенде Англия чемпионы атағын жеңіп алды.

Италиялық ойыншы тәртіп бұзуымен талайлардың таңдандырған. Португалдық маман Жозе Моуринью Марио Балотеллидің өмірінен 200 беттен тұратын күлдіргі әңгімелер (анекдот) түзуге болады, - дейді бір сұқбатында.

- Біз Чемпиондар лигасында "Рубинге" қарсы ойнап жатқанбыз. "Интердегі" барлық шабуылшыларым жарақат алған. Диего Милито да, Самуэль Это’О-да жоқ. Мен нағыз кедей едім. 42 минутта Марио сары қағаз алды. Үзілісте мен Мариоға: "Сен қазір командадағы жалғыз шабуылшысың. Абайлап ойна. Ешкімге тиіспе, тек доппен ойна, егер допты жоғалтсаң, қайта алуға қатты талпынба. Төреші қателесіп жатса, үндеме, – дедім. Нәтижесінде ол 46 минутта алаңнан қызыл қағаз алып шығып кетті...

Иә, бұл бір ғана мысал. Айта берсек жалғаса береді.

2009 жылы "Палермоға" қарсы кездесуде Марио Балотелли өзін тамаша қырынан көрсетеді. Соғылған бес голдың төртеуіне септігін тигізеді. Екеуін өз еншісіне жазады. Бірінші болып пенальти жасайды. Бірақ, оны штаттық 11 метрлік айып добын тебетін Самуэль Это’О-ға бергісі келмей, өзі тебуге ұмтылады. Кейіннен команда капитаны Хавьер Дзанетти араға түскен.

 "Манчестер Ситиде" ойнап жүргенде жаттықтырушылары оған футболдағы финттерді қарасын деп DVD дискісін береді. Жарты сағаттан кейін келген олар Марионың атыс-шабыс жанрындағы (боевик) фильм көріп жатқан жерінің үстінен түседі.

 Марио бірде достарымен үйінде отшашу жасап, соңы өртке ұласқан. Үйінің пердесінен бастап жана бастаған отты дер кезінде келген өрт сөндірушілер ауыздықтаған. Ал футболшының өзі болса, сол оқиғаның алдында ғана пиротехникалық заттарды қолданғанда абай болуды ескертетін жарнамаға түскен екен.

 "Манчестер Ситидің" автокөлік қоятын тұрағының есігі автоматты түрде ашылып-жабылатын әйнекті есік болыпты. Бірде Марио сол есіктен көлігімен кіріп-шығып, бірнеше сағат бойы ойнаған.

Фото: El Financiero
Қосылған күні: 24 қаңтар 2019, 10:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.