Роналду мен Месси соға алмаған пенальтилері бойынша теңесті

Роналду мен Месси соға алмаған пенальтилері бойынша теңесті
Фото: B/R football

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" демекші, ең үздік футболшылар да қателікке бой алдырып жатады. Әсіресе Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің пенальти орындай алмаған сәттерін жанкүйерлер оңайлықпен естен шығара қоймайтыны белгілі. 

Футболдан Италия "А" сериясының ХХ турында "Ювентус" көш соңындағы "Кьевомен" кездесті. 53 минутта Роналду тепкен допты қонақтар қақпашысы Стефано Соррентино қайтара білді. Дегенмен туриндік клуб ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Португалдық футболшы мансабында 139 рет пенальти тепкен. Оның 114-де қарсылас команда қақпасының торы тулаған. 25 рет мүлт кеткен. Лионель Месси де мансабында 25 рет пенальти соқпаған. Бірақ Роналдудан пенальтиді аз тепкен (108 рет).  

Ө. Сансызбай