Неймар "Реалға" басты талабы орындалса ғана ауысады

Неймар "Реалға" басты талабы орындалса ғана ауысады
Фото: Mirror

ПСЖ футбол клубы мен Бразилия құрамасының ойыншысы Неймар "Реалға" қандай жағдайда ғана ауысуға келісім беретіні жайлы айтты, - деп хабарлайды Don Balon.

Басылым ақпараты бойынша, "Реалдың" президенті Флорентино Перес футболшының "корольдік клубта" доп тепкенін қалайды. Алайда Неймар Серхио Рамоспен бір командада ойнағысы келмейді екен. Команда капитаны өзге клубқа ауысқанда ғана бұл ұсынысты қабыл алуға ойланып көрмек. Ал Флорентино үшін таңдау тұр.

Батыстық басылымдар осыған дейін Неймар "Барселонаға" қайта оралғысы келетіні жайлы жазған еді. Каталондық клуб басшылығы мен команданың көшбасшысы Месси футболшының қайта оралғанына қарсы болмайтындары да айтылған болатын.

Айта кетейік, Неймар 2013-2017 жылдар аралығында "Барселонада" ойнады. 2017 жылдың жазында Париждің ПСЖ клубына ауысты. Футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып рекорд жасады.

Серхио Рамос болса 2005 жылдан бері "Реал" сапында ойнап келеді. Команда қатаранда төрт рет Испания чемпионатында, төрт Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. 2015 жылдан бері команда капитаны қызметін атқарып келеді.

О. Сансызбай