Месси "Барселонаны" кері тартып жүрген футболшыларды атады

Месси "Барселонаны" кері тартып жүрген футболшыларды атады
Фото: Mir24.tv

"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің командасындағы үш ойыншыға көңілі толмайды. Бұл туралы Don Balon басылымы хабарлады.

Каталондық клуб капитанының "қара тізіміне" қорғаушы Серджи Роберто, хавбек Рафинья Алькантара және шабуылшы Усман Дембеле енген. Месси үш ойыншы жайлы өз ойын команданың бас жаттықтырушысы Эрнесто Вальвердеге айтқан. Аргентиналық ойыншының көзқарасы бойынша, "Барселонаны" кері тартып жүрген осы футболшы көрінеді.

Қазіргі таңда "Барселона" Испания ла лигасында 11 турдан кейін 24 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында тұрған "Севильядан" 4 ұпайға озып тұр.

Н. Үсенова