Әлемдегі ерекше футбол алаңдары

Әлемдегі ерекше футбол алаңдары
Фото: interfax.ru

Ресейдегі әлем чемпионатында әлем аяқдоп шеберлері  мінсіз жасыл алаңда бірінші болу үшін жан алып-жан беріп жатқанда, ғаламшарымыздың түрлі бұрышында адамдар ерекше алаңдарда футбол ойнаудан ләззат алып жатыр.Төмендегі суреттер бұл спортқа деген махаббатттың арқасында кез келген ауа райы мен кез келген ортада адамдар футбол ойнауды жалғастыра беретінінің дәлелі.

KV Svalbard мұзжарғыш кемесінің экипаждары Гренландиядағы мұз бөлігінде футбол ойнауда

Лофотен аралындағы футбол алаңы, Норвегия

Балалар Боцния-Герцогинядағы Врандуктетегі жасыл алаңда алаңсыз футбол ойнауда

Су үстіндегі Ко Паньи аулындағы футбол алаңы, Таиланд

Ресейдің  Красное тұрғындарының сабан алаңдағы айқасы

Рио-де-Жанейродағы кедей аудандарының бірінде балалар дайындық үстінде

Гаванадағы су бассейіндегі жекпе-жек, Куба

Лимадағы шағын алаң, Перу

Бразилияның Сальвадор порт-қаласындағы жағажайдағы алаң

Швейцария мен Италия командалары Саас-Федағы мұзтауда "Еуропаның тау тұрғындары" атты  футбол ойындары кезінде, Швейцария

Ауған балалары жол шетіндегі алаңда, Кабул

Эрискей аралындағы алаң, Шотландия

Бали аралындағы Агунг вулканы маңындағы алаң

Ресейдегі Пагу ауылындағы батпақтағы ойын

Т. Раушанұлы