Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Әлем чемпионаты - 2018 / Болжам жаса да, Huawei P20 Lite смартфонын ұтып ал!

Болжам жаса да, Huawei P20 Lite смартфонын ұтып ал!

Болжам жаса да, Huawei P20 Lite смартфонын ұтып ал!

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді Ресей жерінде басталған футболдан әлем чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Оқырмандар сұранысы бойынша ұйымдастырылып отырған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндігіңіз бар. Сіздерді бас демеушіміз Huawei компаниясы тағайындаған бағалы сыйлық P20 Lite смартфоны күтеді!

Болжамдар бәйгесінің ережелері: 

Өту кезеңі: 16 маусым мен 15 шілде аралығы, яғни әлем чемпионатының өту уақыты.

1. Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні өтетін кездесулер жайлы ақпараттар мен сараптамалық-шолулар жарияланады. Барлық қатысушылар "Массагет бәйгесі" деп жарияланған мақала соңына өз болжамдарын пікір ретінде қалдырады. Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелулеріңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. Телефон нөмірі мен растау кодын жазу кезінде пернетақтаның жоғарғы бөлігіндегі сандар пайдаланылады. 

Ескерту: Арнайы ашылған "Массагет бәйгесі" деп басталатын материалдарға ғана жазылған болжамдар есептелетін болады. Бір қатысушы бір ғана болжам жасай алады. Екі болжам жасаған жағдайда нәтижесі есепке алынбайды.

2. Үздік болжамдар рейтингі күн сайын қорытындыланып шығып тұрады. Рейтинг уақытында, кейде кешігіп шығуы мүмкін екендігін алдын ала ескертеміз.

3. Берілген ақпараттағы ойынға болжам қалдыру кездесудің басталуына 10 минут қалғанда тоқтатылады. Мысалы, бір күнде үш ойын өтетін болып, оның алғашқысы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталатын болса, сіз үш ойынға да сағат 18:55-ке дейін болжам жасап үлгергеніңіз абзал. Егер алғашқы ойынға үлгермей қалсаңыз, келесі ойындардың басталуына 5 минут қалғанға дейін болжам қалдыруыңызға болады. Рейтинг түзгенде қиындық тудырмау үшін барлық ойындарды бірден жазып қалдыруларыңызды сұраймыз. 

Ескерту: ойындарға болжам жасау тек Астана уақытымен қабылданады.

4. Болжамдар ойындардың негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана есепке алынады. 

5. Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. Өзге әлеуметтік желілер мен өзге ақпарат соңындағы болжамдар қабылданбайтынын ескертеміз. Сондай-ақ жарыс басындағы аты-жөндеріңізді өзгертпеуге, өзге қаріпке ауыстырмауға кеңес береміз. Өзгерткен жағдайда жаңа қатысушы ретінде жүйеге еніп кететін болады.

6. Қандай да бір сұрақтар болса журналист Өмірбек Сансызбайдың сайттағы жеке профиліне хабарлама қалдыра аласыздар немесе 8702 244 84 14 нөміріне хабарлассаңыздар болады.

7. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Болжамдар қалай есепке алынады?:

Кездесу

Қатысушы болжамы

Нақты нәтиже

Ұпай

Ұпай есептеу әдістері

 

Ресей – Сауд Арабиясы

 

 

 

2:1

 

 

 

2:1

 

   

 

3

3 ұпай – кездесудің жеңімпазын және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Египет - Уругвай

   

 

0:0

 

0:0

 

3

3 ұпай – кездесу тең аяқталып және нақты есебін анықтаған жағдайда;

 

Испания - Португалия

 

1:1

 

2:2

 

2

2 ұпай – кездесу тең аяқталып, бірақ нақты есеп сәйкес келмеген жағдайда;

 

Марокко - Иран

 

3:1

 

2:0

 

2

2 ұпай – кездесудің жеңімпазы мен доп айырмашылығын анықтаған жағдайда;

 

Коста-Рика - Сербия

 

2:3

 

1:3

 

1

1 ұпай – тек кездесудің жеңімпазын анықтаған жағдайда;

 

Перу - Дания

 

1:0

 

 

0:1

 

 

0

 

0 ұпай – ешбір болжам сәйкес келмеген жағдайда;

Болжамдар бәйгесі қорытындысы бойынша бірнеше қатысушының ұпайы тең болғанда, кімнің дәл есепті көп тапқаны басымдыққа ие болады. Сол жеңімпаз атанады. Себебі бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар бар. Олардың Алматыға келе алмауы немесе ағайын-туысы, тамыр-танысы болмауы да мүмкін. Бұл - бір. Екіншіден кездейсоқ таңдай салғаннан, дәл есепті көбірек тапқан қатысушының жеңімпаз атануы әділ шешім болмақ. Егер дәл есебін тапқан ойындар саны бойынша да тең түсетін болса, онда финалдағы ойынның болжамына қараймыз. Бұл кезде финалдағы нәтижені дәл тапқан қатысушы жеңімпаз атанады. 

 

Ұпай саны, дәл жасаған ойындар болжамы және финалдық ойынға жасаған нәтижелері тең болған жағдайда ғана randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдайтын боламыз. 

 

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаз Huawei компаниясы ұсынған P20 Lite смартфонымен марапатталады

P 20 Lite – смартфоны орта сегменттегі қабілетті смартфон. Функционалдық мүмкіндіктері айрықша назар аударуға тұрарлық. Авторлық EMUI 8.0 интерфейсі жасанды интеллекті арқылы смартфон өнімділігі мен жылдамдығын қадағалап, оптималды күйде сақтайды. 16/2 камераларында кәсіпқой фото, түнгі түсірілім, ашық бояулы режим, құжат сканерлеу, кәсіпқой видео функциялары бар. Толығырақ мына видеодан көре аласыздар. 

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (727) 388 81 22 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыздар.

11
Рейтинг: +2

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 16 маусым 2018, 11:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.