Ең көп табыс табатын футболшылар мен жаттықтырушылар

Ең көп табыс табатын футболшылар мен жаттықтырушылар
Фото: google.kz

Танымал "France Football" басылымы табысы ең жоғары футболшылар мен жаттықтырушылардың рейтингін жариялады. Олардың табысы жалақысы, қосымша сыйақылары мен жарнамадан түскен қаржысы бойынша есептелген.

"France Football" басылымының рейтингі бойынша 2017/2018 жылғы футбол маусымында ең көп табысқа кенелген футболшылар көшін Лионель Месси бастап тұр. Ол осы маусымда 126 миллион еуроға қаржысын молайтқан.

Мадридтік  "Реал" сұрмергені Криштиану Роналдудың табысы 94 миллион еуроны құраған. Рейтингте екінші орында тұр. Өткен жылы бірінші орында болған. Үштікке Неймар енген. Ол осы маусымда 81,5 миллион еуро тауыпты.

Ең көп табысқа кенелген футболшылар бестігі:

1. Лионель Месси ("Барселона") – 126 млн
2. Криштиану Роналду ("Реал") – 94 млн
3. Неймар ("ПСЖ") – 81,5 млн
4. Гарет Бэйл ("Реал") – 44 млн
5. Жерар Пмке ("Барселона") – 29 млн

"France Football" басылымы ең көп табыс тапқан жаттықтырушылардың да рейтингін жариялады. Бұл тізімде "Манчестер Юнайтед" командасын жаттықтыратын маман Жозе Моуринью бірінші орында тұр. Ол осы маусымда 26 миллион еуро табысқа кенелген.

Ең көп табысқа кенелген жаттықтырушылар бестігі:

1. Жозе Моуринью ("Манчестер Юнайтед") – 26 млн еуро
2. Марчелло Липпи (Қытай құрамасы) – 23 млн
3. Диего Симеоне ("Атлетико Мадрид" ) – 22 млн
4. Зиннедин Зидан ("Реал") – 21 млн
5. Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити") – 20 млн

О. Сансызбай