Ағылшын премьер-лигасын ұтқан алғашқы испан жаттықтырушысы

Ағылшын премьер-лигасын ұтқан алғашқы испан жаттықтырушысы

Ағылшын премьер-лигасының аяқталуына 5 тур қалғанда "Манчестер Сити" чемпион атанды. Ал Хосеп Гвардиола жаттықтырушылық мансабындағы 7-ші чемпиондық жүлдесін иеленді.

"Манчестер Сити" соңғы рет 2014/2015 жылғы маусымда топ жарған. Ол кезде команданы чилилік маман Мануэль Пеллегрини жаттықтырған еді. Ал Хосеп Гвардиола команда тізгінін 2016 жылы ұстады. Одан бергі аралықта Англия лигасы кубогын жеңіп алды. Күні кеше командасымен чемпиондық атақты иеленді.

Хосеп Гвардиола ағылшын премьер-лигасын ұтқан алғашқы испан жаттықтырушысы атанып отыр. Сұхбаттарының бірінде испан және неміс бундеслигасынан ағылшын премьер-лигасын ұту қиын екенін айта кеткен болатын.

47 жастағы маман 9 жыл ішінде 23 рет ірілі-ұсақты жарыстарда командасын жеңімпаз тұғырына шығарған.

Хосеп Гвардиоланың мансап жолы (ішкі чемпионаттар):

2008/2009 жылғы маусым – "Барселона" – 1-орын
2009/2010 жылғы маусым – "Барселона" – 1-орын
2010/2011 жылғы маусым – "Барселона" – 1-орын
2011/2012 жылғы маусым – "Барселона" – 2-орын
2013/2014 жылғы маусым – "Бавария" – 1-орын
2014/2015 жылғы маусым – "Бавария" – 1-орын
2015/2016 жылғы маусым – "Бавария" – 1-орын
2016/2017 жылғы маусым – "Манчестер Сити" – 3-орын
2017/2018 жылғы маусым – "Манчестер Сити" – 1-орын

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы