Месси алаңға шықпаған ойында Аргентина құрамасы 6:1 есебімен ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Месси алаңға шықпаған ойында Аргентина құрамасы 6:1 есебімен ұтылды
Фото ©️ ©Reuters

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы Мадридте Испаниямен жолдастық кездесу өткізіп, 6:1 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл ойынға команда көшбасшысы Лионель Месси қатыса алған жоқ.

БӨЛІСУ

"Ванда Метрополитано" стадионында өткен кездесуде Испания құрамасы сапында Иско (27, 52, 74 минуттар) хет-трик жасады. "Реал" ойыншысы спорттағы мансабында алғаш рет бір ойында үш гол соқты. Қалған үш голды Диего Коста (12 минут), Тьяго Алькантара (55 минут) мен Яго Аспас (73 минут) өз еншілеріне жазды. Ал аргентиналықтарға абырой болған бір голды 39 минутта Николас Отаменди соқты.

Испанияға қарсы ойынға Лионель Месси жарақатына байланысты қатыса алмады. Жаттықтырушылар мен дәрігерлер ойыншының алаңға шығуына рұқсат бермеген. Футболшы Аргентина құрамасы қақпасына алтыншы гол кіргеннен кейін алаңнан шығып кетті.

Аргентина құрамасы өз тарихында 6:1 есебімен үшінші рет ұтылды. Осыған дейін бұл команданы 1958 жылы Чехословакия, 2009 жылы Боливия құрамасы дәл осындай есеп айырмасымен ұтқан. Бұл – құрама тарихындағы ең ірі жеңілістердің бірі.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы Хорватия, Исландия және Нигерия құрамаларымен бір топқа түскен болатын. 

Сондай-ақ түнде біршама елдер өзара жолдастық кездесулер өткізді. Назарларыңызға нәтижелерін ұсынамыз.

Ресей – Франция – 1:3
Гол соққандар: Смолов 68 - Мбаппе 40, 83, Погба 49

Черногория – Түркия – 2:2
Гол соққандар: Иванич 45, Мугоса 87 – Ундер 11, Йоколсу 23

Венгрия – Шотландия – 0:1
Гол соққан: Филлипс 48

Грекия – Египет - 1:0
Гол соққан: Карелис 23

Словения – Беларусь – 0:2
Гол соққандар: Скавыш 36, Сарока 90+4

Германия – Бразилия - 0։1
Гол соққан: Габриэл Жезус, 37

Люксембург – Австрия – 0:4
Гол соққандар: Арнаутович 4, Гриллитич 39, Грегорич 59, Шаув 84

Бельгия – Сауд Арабиясы - 4։0
Гол соққандар: Ромелу Лукаку, 13, 39, Миши Батшуайи, 77, Кевин Де Брюйне, 78

Румыния – Швеция - 1։0
Гол соққан: Дорин Ротариу, 57

Польша – Южная Корея - 3։2
Гол соққан: Роберт Левандовски, 32, Камил Гросицки, 45, Петр Зелиньски, 90+2 – Ли Чан Мин, 85, Хван Хи Чан, 87

Англия - Италия - 1:1
Гол соққандар: Джейми Варди, 26 – Лоренцо Инсинье, 87 (пен) 

Марокко - Өзбекстан - 2:0
Гол соққандар: Айюб Эль-Кааби, 4, Мануэл да Кошта, 43