Футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар саны артпақ

Футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар саны артпақ
Фото: rus-img2.com

Футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалар саны артпақ. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) атқарушы комитеті хабарлауда.

2026 жылғы әлем чемпионатынан бастап қатысатын құрамалардың саны 40-қа дейін өсуі мүмкін. Атқарушы комитет құрамалар санын өсіру туралы жобаны ФИФА құрамына кіретін 209 мүшесінің көмегінсіз қабылдаған. Ал нақты шешім ұйымға жаңа президенттің келуімен қабылдануы мүмкін.  

Айта кетейік, 1934 жылдан 1978 жылға дейін әлем чемпионатына 16 елдің құрамалары қатысып келді. 1982 жылдан бастап дүбірлі доп додасына 24 құрама қатысатыны туралы шешім қабылданды. Ал 1998 жылғы Франциядағы әлем чемпионатынан бастап 32 құрама қатысып келеді.  

О. Сансызбай