Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды

Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды

Катар елінің басшылығы 2022 жылы өз жерінде өтетін әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктерді сатуға рұқсат беретінін мәлімдеді. Бұл туралы әлемдік «мундиалды» ұйымдастырушылар хабарлап отыр.

- Алкогольді ішімдіктер - Катар елінің мәдени және тарихи ерекшелігіне жат дүние. Бірақ, әлем чемпионаты кезінде белгілі бір орындарда алкогольді ішімдіктер сатылатын болады. Нақты қайда сатылатыны туралы дода жақындағанда хабарлайтын боламыз, - деген ұйымдастырушылар.

Ислам дініндегі шариғат заңын берік ұстанатын Катар елі кез келген жерде алкогольді ішімдіктер сатуға ертеректе-еқ тыйым салған. Тек халықаралық қонақүйлердегі арнайы орындарда ғана сатуға рұқсат берген. Елге алкогольді сусындар да алып кіргізбейді.

Естеріңізге сала кетсек, Катар елі 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын 2010 жылдың ақпан айында Швейцарияның Цюрих қаласында дауыс беру қорытындысы бойынша иеленген болатын. Жаз мезгілінде аталған аумақта ауа райының аптап ыстық болуына байланысты ФИФА доданы қыста өткізуге кеңес берген-ді. Дегенмен, бұл шешімге қарсы дау айтушылар да жетіп артылады. Әзірге қай мезгілде өтетіні нақты анықталған жоқ.

Сурет: wsport.com.ua

2022 жылғы Әлем чемпионаты Катарда өтпеуі мүмкін

2022 жылы футболдан ӘЧ қыста өтетін болып шешілді

2022 жылғы қысқы Олимпиада бір жылға шегерілуі мүмкін

Иран құрамасы футболшыларына жаңа тәртіп енгізілді

Ө. Сансызбай