Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / «Қайрат» - «Абердин» кездесуінің ең үздік сәттері

«Қайрат» - «Абердин» кездесуінің ең үздік сәттері

«Қайрат» - «Абердин» кездесуінің ең үздік сәттері

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында Алматының «Қайраты» өз алаңында Шотландияның «Абердин» клубын 2:1 есебімен жеңді. Алматының орталық стадионына жиналған жанкүйерлер көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Ал біз сіздерге тартысты өткен ойыннан фотобаян ұсынамыз.  

Ойындағы ең үздік сәттерді фотобаян арқылы тамашалай отырыңыздар: 

Сүйікті командасына қолдау білдіруге асыққан жұрт Орталық стадионға ағылды.

Жанкүйерлер ойын алдында естелік суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен стадионға беттеді.

Кездесу алдында қазақстандық паралимпиадашылар «Қайратқа» сәттілік тіледі.

"Салтанат" би ансамбльі өз өнерлерін ортаға салды.

Бас қазы Томаш Багнер (Венгрия) допты алып, командаларды ортаға бастап шықты. 

Футболшыларды жанкүйерлер зор қошеметпен қарсы алды.

Футболшылар бір-бірімен қол алысып, құрметтерін танытты.

«Абердин» клубының ойыншылары кездесу алдында естелік суреттерге түсті.

«Қайрат» ойыншылары да жеңіс үшін бір-бірін жігерлендіріп, жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысты. 

Жаттығу кезінде жарақат алған Жерар Гоудың орнына Джордже Деспотович шықты.

Алғашқы қауіпті шабуылды «Қайрат» ойыншысы Исаэль Барбоса туындатты. Бірақ, есеп аша алмады.

Жарақатынан айығып келген Михаил Бакаев футболды сағынғаны бірден байқалды.

Сондай сәттердің бірінде артқы жартылай қорғаушы қонақтардың қорғаушыларын алдап өтіп, ойындағы есепті ашты. 

Команда соққан голын зор қуанышпен тойлады. 

Стадионды толтырған жанкүйерлердің де қуанышында шек бомады. 

23 минутта «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламханның шірене тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады. 

Бауыржан «Абердин» қақпашысы Уордтың қателігін сәтті пайдалана білді. 

Бұрыштама добынан «Қайраттың» басымдығы байқалғанмен, екінші қабатта өнер көрсетуде шотландиялық клуб қателікке бой алдырған жоқ.

Бірінші тайм аяқталғанша Исаэльдың есепті еселуге зор мүмкіндігі болған. Бірақ пайдалана алған жоқ.

Қонақтар қақпасы алдындағы қарбалас. Бауыржан Исламхан допқа бірінші болып жете алмады.

Екінші таймдағы Джордже Деспотовичтің есепті еселеуге зор мүмкіндігі болған. Бірақ тепкен добы қақпа бағанын жанап өтті. 

Қос команда ойыншылары екінші тайм ортасына қарай қақтығысып та қалды. «Қайрат» ойыншыларының жүйкесі сыр бергендей болды. 

64 минутта алаңға шыққан Кенни Маклинн араға 4 минут сала Владимир Плотников қорғаған қақпадан саңылау тауып кетті.

Шотландиядан келген жанкүйерлер бір қуанып қалды.

Ойынның аяқталуына аз уақыт қалғанда «Қайрат» ойыншылары кезекті голды соғуға мүмкіндік алған болатын. Қонақтарды қақпа маңдайшасы құтқарып қалды

Төреші ысқырығы шалынып, қос команда бірінші ойында таблодағы есеппен тарқасты. Қарымта кездесу бір аптадан кейін Шотландияда өтеді. 

Ойыншылар бір-біріне құрмет көрсетіп, қол алысты.

Кездесу соңынан «Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс өз ойын білдірді.

Біз керемет ойнадық. Әрине, алаңға тыңнан шыққан ойыншылар командаға өз пайдаларын әкелмеді. Жалғыз қателік - голдың соғылуына себепкер болды. Бірақ, бұл – футбол. 2:1 есебі кубоктік ойындарда сенімсіз есеп. Біз 3:0, 4:0 есебімен жеңіске жетуге лайық болдық, бірақ гол жіберіп алғанымыз өте өкінішті. «Абердин» — еурокубоктегі ең мықты қарсыласымыз, — деді бапкер.

- Екі гол кірген 20 минут біз үшін ойын аяқталды дегенді білдірмеді. Иә, біз қиын жағдайда қалдық. Бірінші гол таза ойын барысында кірді, ал екіншісі – есерсоқ гол. Исламхан соққан гол, осындай доп түбінде біздің қақпаға кіруі тиіс болатын. Өз ойыншыларыма көңілім толды, екінші таймда жинақылық танытып, ойындарына қарқын қосты. Жылдамдығын да жоғарылатып, қонақтағы голын соқты. Бұл – ең маңыздысы. Біздің қателігіміз – қорғанысқа жатып алуымызда. «Қайрат» бұны жақсы пайдаланды. Алаң иелерінің ойындарына сүйсіндім. «Қайрат» шабуылдаумен болды, әрі қызықты, тартысты ойын көрсетті. Біз мұндай қысымды күтпедік. Енді жауапты матчқа дайындаламыз. Біздің пайдамызға шешілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді «Абердин» бапкері 

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 31 шілде 2015, 03:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->