«Барселонаның» бірнеше ойыншысы атағынан айрылды

«Барселонаның» бірнеше ойыншысы атағынан айрылды
Фото: www.goal.com

Неміс астанасынан Чемпиондар лигасын олжалаған каталондық клубтың кейбір ойыншылары медальдарын қайта өткізуге мәжбүр. Себебі олар осы лиганың бір ойынына да команданың жейдесін киіп алаңға шықпаған екен.

Биылғы маусымда Чемпиондар лигасының топжарғандар қатарынан табылмаған футболшылар арасында белгиялық қорғаушы Томас Вермален, Клаудио Браво, Жорди Масип және Дуглас бар.

Естеріңізге сала кетсек, алтыншы маусым күні Берлиннің «Олимпияштадион» алаңында каталондық «Барселона» мен туриндік «Ювентус» клубтары Чемпиондар лигасының финалында кездескен болатын. Сол ойында испандық клуб 3-1 есебімен жеңіске жетіп, биылғы жылдың чемпионы атанды. 

B. ZHAQSYMBET