«Барселона» - Чемпиондар лигасының чемпионы!

О Сансызбай Корреспондент
«Барселона» - Чемпиондар лигасының чемпионы!
Фото ©️ vk.com

Футболдан 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының чемпионы анықталды. Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өткен финалдық кездесуде каталондық «Барселона» туриндік «Ювентусты» ұтты.

БӨЛІСУ

Бірінші таймды каталондық клуб жоғары қарқынмен өткізді. Кездесудің 4 минутанда-ақ есеп ашылды. Неймар мен Андреас Иньестаның өзара түсінісіп ойнаған сәттегі пасы Иван Ракитичтің есеп ашуына септігін тигізді. Нәтижесінде хорват ойыншысы Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам голдардың бірін өз еншісіне жазды.

Екінші тайм басында «Ювентустың» ойыны жандана түсті. 55 минутта Карлос Тевестің соққысын сәтсіз қайтарған Марк Андре тер Штегеннің қателігін Альваро Мората сәтті пайдалана біліп, таразы басын теңестірді. Десе де туриндік кулб ойыншылары мен жанкүйерлерінің қуанышы көпке созылмады. 68 минутта Лионель Мессидің соққысын қолынан шығарып алған Джанлуиджи Буффон екінші голдың соғылуына жағдай жасады. Бұл жолы Луис Суарес өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Соңғы минутта Массимилиано Аллегри шәкірттері таразы басын теңестіруге барын сала ұмтылды. Бірақ туриндік клубқа таразы басын теңестіру бақыты бұйырмады. Керісінше «Барселона» шабуылшысы Неймар ойын тағдырын шешкен голды соқты. 

Кездесудің ең үздік сәттерінен жинақталған суреттер топтамасын назарларыңызға ұсынамыз!

Иван Ракитич Чемпиондар лигасындағы ең жылдам төрт голдың бірін өз еншісіне жазды

Буффон бірінші таймда командасын бір голдан құтқарып қалды

Альваро Мората испандық клубтарға гол соғуды біледі

Луис Суарес ойында командасын алға шығарған сәт

Неймардың қолмен соққан голы есепке алынбады

Неймар қосымша уақытта ойын тағдырын шешкен голды соқты

Каталондық клуб өз тарихында бесінші рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Месси финалда аса сәтті өнерімен көзге түсе алмады

Андреас Иньеста Чемпиондар лигасы финалының үздік ойыншысы атанды

Өкініштен өзегі өртенген Андреа Пирло жанкүйерлеріне құрметін танытты

Туриндік клуб жеңіске жете алмады

Дани Алвестің ерекше қуанышы

Хави «Барселона» сапындағы соңғы ойынын өткізді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында ең көп ойын өткізген (151 ойын) футболшы ретінде рекорд тіркеді

Марапаттау салтанаты

Роналду, Месси және Неймар Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері!

Ойында Қазақстанның Туы да жанкүйерлер арасынан айқын байқалды

Ойын соңынан Жерар Пике қақпа торын жамылып қайтты

 «Барселона» өз тарихында екінші рет требл (Испания чемпионы, кубогы және Чемпиондар лигасы) орнатып, рекорд тіркеді