- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Головкин мен Котто...
Головкин мен Котто соққыларының күшін салыстырды (видео)
Орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин мен орта салмақта WBC чемпионы пуэрто-рикалық Мигель Котто өзара соққыларының күшін салыстырды. Бұл ерекше рәсім екі боксшының Nacion ESPN студиясына барып сұхбат берген кезінде өтті.
Хабар барысында тілші екі боксшыға соққыларының күшін салыстыруды ұсынған. Бірінші болып соққысының күшін өлшеген Мигель Коттоның нәтижесі 774-ті көрсеткен. Ал Геннадий Головкин соққысының күші 776-ны құрады. Яғни, қос боксшы соққыларының күші сәйкес келіп отыр. Отандасымыздың басты мақсаты – осы пуэрто-рикалық боксшымен жұдырықтасу. Бірақ, Мигель Котто түрлі сылтаулар айтып, отандасымызбен жекпе-жек өткізуден бас тартып жүр. Әрине, кәсіпқой бокс – қаржыны күреп табудың да бір жолы. GGG қарсыластары жұдырықтасу үшін қыруар қаржыны талап ететіні анық. Сонымен қатар, аз ақша үшін тәуекелге барып, атағынан айырылғысы да келмейді.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 16 мамыр күні спорттық мансабындағы 33-ші жекпе-жегін өткізеді. Вилли Монроға қарсы болатын жұдырықтасу АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Инглвуд қаласында орналасқан «The Forum» аренасында өтеді.
GGG кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады. 19 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтаған жерлесіміз, әлем таныған әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталаған еді.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз
Геннадий Головкин жұдырықтасқысы келетін 5 боксшы
Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)
Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»
GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді
О. Сансызбай