Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды

Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды

Қазақстандық боксшы Қанат Исламға арналған шапанның үлгісі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Спорт журналисі Руслан Меделбек Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында боксшы Қанат Исламға арналған шапанның нобайын көрсетті. Шапан көк және қара түсті, қазақы ою-өрнектермен көмкерілген. Кеуде тұсында және арқасында қасқырдың суреті салынған. 

ва

Айта кетейік, Қанат Ислам - кәсіпқой рингте 18 рет жекпе-жекке шыққан WBA Fedelatin титулының иегері. 

Еске сала кетейік, отандық боксшылардың шаршы алаңға киіп шығатын шапаны жайлы әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген еді. Бұған дейін Геннадий Головкинге арналған шапан туралы хабар таратқанбыз.

GGG ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға өзіне сыйға тартылған шапанды киіп шыққан болатын.

сурет: alaman.kz, ©massaget.kz

Е. Қайрахан