Роналду "Әл-Насрға" ауысуы туралы пікір білдірді

Роналду "Әл-Насрға" ауысуы туралы пікір білдірді
Фото: © instagram.com/cristiano

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына өткені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

"Бұл - біздің көз алдымызда болып жатқан оқиға. Бұл біздің клубты ғана емес, сонымен қатар, лигамызды, ұлтты, болашақ ұрпақты одан әрі жақсы болу үшін шабыттандырады", - деп жазды Роналду.

Айта кетейік, Роналду "Әл-Насрмен" 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды. Бұқаралық ақпарат құралдарында португалиялықтың жаңа командада жылына 200 миллион еуроға жуық табыс табатынын бірнеше рет жазған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек