Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартқа отырды

Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартқа отырды
Фото: instagram.com/cristiano

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Сауд Арабиясы клубының ресми сайтында жарияланды.

Екі тарап 2025 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.

CBS Sports порталының мәліметінше, шабуылшының Аль-Насрдағы жалақысы жылына 75 миллион доллар болады.

"Әл-Наср" әйгілі португалиялық футболшыны сатып алуға жалғыз үміткер болған, ол ойнаған кейінгі команда- "Манчестер Юнайтед".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек