Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Ол бұл туралы Twitter-парақшасында бөлісті.

"Мен ешкім танымайтын боксшылармен жұдырықтасқым келмейді. Маған танымал боксшылар керек! Боб Арум маған атағы бар қарсылас табады деп үміттенемін", - деп жазған ол.

Еске салайық, бұған дейін World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қорғауына қатысты ойын айтқан еді. Дүниежүзілік бокс ұйымы қарашада орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия арасында жекпе-жекті бекіткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек