"Тәжірибе жеткіліксіз". Сарапшы Әлімханұлының басты кемшілігін атады

"Тәжірибе жеткіліксіз". Сарапшы Әлімханұлының басты кемшілігін атады
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

World Boxing News сайтының редакторы Фил Джей орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының алғашқы қорғауына қатысты ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Жәнібек Дензел Бентлимен неге 12 раунд айқасқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, Әлімханұлы кейінгі уақытта өзін жарқын жағынан көрсетті.

"Ол бірнеше экс чемпион мен үміткерді нокаутқа түсірді. Мұнысы Головкиннің бабындағы кезін еске салды. Барлығы Бентлимен де солай болады деп ойлады. Алайда ұлыбританиялық таңғалдырды. Ол қазақ боксшының соққысына төтеп беріп, жауап та қайтара алды. Әрине, Әлімханұлы сөзсіз жеңді, бірақ оған қарсыласын есеңгіретуге қуылық пен жылдамдық жетпеді. Мықты қарсыласқа қарсы Жәнібекте тәжірибе жеткіліксіз екені көрінді. Әлімханұлының әлеуеті мен болашағы зор, сондықтан алда әлі үйренері көп", - дейді Джей. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина