Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Әл-Фарабидің нақыл сөздері

Фараби — әлемге әйгілі Шығыстың ғұлама ойшылы, философ, социолог, математик, физик, астролог, ботаник, лингвист, музыка теоретигі. Назарларыңызға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздерін  ұсынамыз.


1. Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Кезде дағы әзәзілдер азғырған.

2. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді.

3. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіш – денінің саулығы.

4. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек.

5. Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді.

6. Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.

7. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да – игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

8. Әсіре көп не кем еңбек ету күшке күш қоспайды, қайта қалжырата түседі.

9. Адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетеді.

10. Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.

11. Ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік.

12. Талпыныс тәжі – табандылық.

13. Өнер біткеннің бәрі бірдей – бір адамның құшағына сыймайды.

14. Поэтикалық шығармалардың қай-қайсысы да бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеп шығуға ғана арналады.

15. Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз – өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

16. Бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болады.

17. Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі.

18. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.

19. Ғаламда әр адамның өз орны бар.

20. Даналар талай нысан тапқанымен,

Тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.

21. Егер бізде қайта туу нәсіп болса – мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім.

22. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

23. Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.

24. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

25. Тәрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: old.baq.kz
Қосылған күні: 26 қаңтар, 18:51

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.