Наполеон Бонапарт тәулігіне 4 сағат қана ұйықтаған

Наполеон Бонапарт тәулігіне 4 сағат қана ұйықтаған
Фото: Pinterest

Наполеон Бонапарт – француз императоры, ол әлемді жаулаған ерлік істерімен танымал. Ол әлемдік тарих сахнасында өшпес ізін қалдырды. Ол туралы қызықты деректермен таныс болыңыздар.

Наполеонның құрметіне коньяк маркасы және атақты торт атауы берілген.

Ол кезінде ұлы математик еді.

Бонапарт қалпаққа (шляпа) келгенде осалдық танытатын болған. Екі жүзден астам қалпақ топтамасын жасаған.

Қызмет үстінде ұйықтап қалған сарбаздың орнына Наполеон бір сағат өзі тұрған. Себебі жазалауға қарағанда іспен үлгі болу сарбаздың ішкі рухын көтереді деп есептеген.

Бонапарттың денсаулығы мықты болған, ол өмірінде санаулы мәрте ғана ауырған.

Көпшілік арасында тараған аңыз жалған, ол мысықтан қорықпаған. Мысықтардан қорқатын оның жиені Үшінші Наполеон. Ал Бонапарт тіпті мысықтарды жақсы көретін болған.

Ресеймен соғыста жеңіліс тапқаннан кейін ол Қасиетті Елена жеріне кетеді. Осы жерде жан тапсырады.

Наполеонның бойы 167 сантиметр болған.

Куәгерлердің айтуынша, ол өте аз ұйықтайтын болған. орта есеппен алғанда тәулігіне 4 сағаттық ұйқыны қанағат тұтады екен.

Наполеон Италияның Корсик аралында дүниеге келген, туғанда фамилиясы ди Буонапарте болған. Бастапқыда тіпті француз тілін білмеген. Кейін қажет болғанда француз тілін үйреніп, фамилиясын Бонапарт етіп өзгерткен.

@. @assel_assanova