Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Наполеон қалай өлді?

Наполеон қалай өлді?

Наполеон қалай өлді?

Францияның XIX ғасырдың басындағы жұлдызды императоры, атағы күллі әлемге жайылған Наполеон Бонапарттың 1812 жылы ресейліктерден оңбай жеңілгеннен кейін басынан бақ тайып, ісі оңға баспай-ақ қойды. 1815 жылы 3 шілдеде екінші рет биліктен қуылып, «Заале» кемесімен Экс аралына айдалады. Үкімет комиссиясы оның француз жеріне енді қайтып аяқ баспауы жөнінде шешім шығарып, кімде-кім жәрдемдессе, опасыз, сатқын деп есептелетінін әйгілейді. Сөйтіп азуы алты қарыс алпауыт-император қуғынға түседі.

Алайда, «жыланды қырық рет кессе де, кесіртке құрлы қауқары болады» дегендей, Наполеонның тілектес дос-жарандары да аз емес-ті. Экс аралына жеткен бойда олар Наполеонды шет елдердің біріне асырып жіберуді ойластырады. Сонда қайда? Америкаға ма? Несі бар, әбден болады. Әйтсе де, ағылшындық «Беллерофон» кемесінің капитаны Мэтленд «бізге кел» деп ұсыныс жасайды. Бұл ұйғарымды Наполеон бірнеше күннен кейін ғана қабылдайтынын мәлімдейді. 31 шілдеде «Беллерофонның» бортына көтерілген лорд Кейт экс-император бұдан былай тұрақты ғұмыр кешу үшін Әулие Елена аралына баруы тиіс екенін айтады.

Аталмыш аралға жетісімен Наполеонды Лонгвуд Хаусқа орналастырады. Соңғы нөкерлер құрамында Бертран және Монталон дейтін екі генерал, обер-адъютант Гурго, Лас Каз есімді жай азамат, екі генералдың екі зайыбы, сондай-ақ, бірнеше күтуші-малайлар бар-тын.

Қапас өмір басталады. Не істерін білмей дағдарған бейбақтың уақыты ой ойлап, кітап оқумен өте береді. Оның үстіне, күнде тұман, күнде жаңбыр. Айналадағы бір-бірімен ұдайы іштей арбасып, қырғи қабақ боп жүретіндердің лаңы өзінше.

Аралда өткен ұзақ жылдар ішінде Наполеонның шын жан-тәнімен бір-ақ рет шамырқана күлгені бар. Ол былай. Әлдебір ағылшын Наполеоннан Бетси Балькомт дейтін кішкентай қызына француз тілін үйретуді өтінеді. Бірде Бетси сабаққа Лэджси деген құрбысын ерте келеді де, ол  қыз Наполеонға: «Сізді адамдардың етін жейді деген шын ба?» – деп қойып қалады. (Лэджси Англияда жүргенде дәл солай деп талай естіген болатын). Қызға жалт қарап, әуелі сәл жымиған император ізінше бар даусымен қарқылдап күліп жібереді. Бұл оның аралдағы ең соңғы ақ жарылған күлкісі еді.

1819 жылғы жазғытұрымнан бастап Наполеон өзін жайсыз сезініп, қайта-қайта төсек тартып жатып қала беретін болады. Көңіл-күйі құлазып, күні бойы дым сызбай, ешкіммен сөйлеспейді. Екі жылдан кейін денсаулығын егжей-тегжейлі тексерген ағылшындық дәрігер экс-император жағдайының нашар екенін білдіреді. Әйтсе де, кейде Наполеон – дәрі-дәрмектің әсерінен бе екен – төсектен тұрып, дені сау адамдай әрі-бері қыдырып жүретін халге жетеді. Бірақ ұзаққа бармайды. Көп өтпей қайтадан төсекке таңылып, сары уайымға салынып, күш-қуаты азайғаны күн санап айқындала түседі. Айтқанды ұқпай, бір сөзін сан мәрте қайталап, бейшаралық күй кешеді. Жұмған аузын ашпай, өзімен-өзі боп, арбаға мініп қыдыру, ат үстінде серуен құруды доғарады. 1821 жылғы наурызда іш құрылысы күні-түні ауырып, азап шегеді. Кеме дәрігері Стоко Наполеонның бауыры ауырады деп анықтама береді де, өзі Англияға ауысып кетеді. Оның орнына қалған Антомарки деген дәрігер пәлендей көмек жасай алмайды. Асқазанын қолымен басып, қайта-қайта құса берген Наполеон тамақ ішуден біржола қалып, 1821 жылғы 5 мамырда дүние салады. Көз жасы көлдей болған Маршан дейтін малайы императордың үстіне ескі шинелін жауып, маңдайын тоқпақтай береді.

Төрт күннен кейін жерлеп, оған арал губернаторынан бастап, теңіз офицерлері мен матростар, шенеуніктер, күллі арал тұрғындары қатысады. Марқұмның денесін көмген соң, ағылшындар зеңбіректерден оқ атып, соңғы құрметтерін жасайды. Бұл әскери рәсім-тін.

Император неден өлді, қалай қайтыс болды? Осы төңіректе қым-қуыт тексеру, алыс-шабыс басталсын. Дәрігерлер ортақ шешімге келе алмай, қызыл кеңірдек болады. Наполеон көзі тірісінде өз әулетіндегі адамдардың бәрі асқазан рагінен қайтыс болған деп жиі айтады екен. Өзі ше? Дәрігерлер бүған үлкен күдікпен қарайды. Ол негізсіз де емес-ті. Дәрігерлердің бір сүйенгені: Наполеон ерекше ет-жеңді адам-тын. Асқазан рагіне ондай адам шалдықпайды. Шалдыққанда да, өлер алдында әбден арықтап, құр сүлдері қалуы тиіс. Наполеонда ондай симптомдардың бірі жоқ.

Уақыт өте береді. 1840 жылы франциялықтар Наполеонның сүйегін салтанатты түрде Парижге әкеліп, қайта жерлейді. Болары болып, бояуы сіңді деді ме екен, ешкім Наполеонның неден, қалай қайтыс болғанын қайта тексеруді ойына алмайды. Сонымен, 1955 жылға дейін жабулы қазан жабулы күйде қалады...

Сол жылы көп баспасөздердің бірінде Наполеонның Луи Маршан деген малайының күнделігі жарық көреді. Ол қожасының әрбір сәтін ерінбей-жалықпай қағазға түсіре беріпті. Күнделігінде Наполеон өлгенде оның бір уыс шашын Парижге ала келгенін де ұмытпапты. Маршанның жазбаларын мұқият зерттеп, сақталған шашқа химиялық анализ жасаған швед ғалымы, доктор С.Форсхувуд Наполеонды әлдекім ұзақ жылдар мышьякпен улаған деген қорытынды жасайды. Оның сүйенгені – шаштағы мышьяк мөлшері 13 есе көп екен. Кейбіреулер келіспейді. Өз пайымдауларын көлденең тартады.

Алайда, күнделікте Наполеонмен өле-өлгенше бірге жүріп, бірге тұрған граф Монталонның император ішетін шараптың иесі екені, ал әйелі Наполеонмен ашына болғаны да шет қалмапты. Әрі Наполеон ел билеп, әмірі жүріп тұрғанда Монталонды жоғары лауазымға жібермей, жолын қаға берген құсайды. Сондықтан Монталон кек қайтаруы да ғажап емес деген болжам келтіріледі.

Автор: Cекен Талапкер

Ұқсас жазбалар:

Наполеонның нағыз бейнесі

Қарауыл мен Наполеон

Наполеон мен тері саудагері

Наполеон Бонапарттың қанатты сөздері

Сурет: fotki.yandex.ru

Қосылған күні: 03 ақпан 2015, 09:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->