Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Наполеонның нағыз бейнесі

Наполеонның нағыз бейнесі

Наполеонның нағыз бейнесі

Осыдан 244 жыл бұрын Франция тарихына ғана емес, әлемнің көптеген елдерінің тарихына өзгерістер енгізген Наполеон Бонапарт дүниеге келген болатын. Императордың туған күнінде өмірі туралы қызықты деректермен бөлісе кетейік.

Л. Толстой өзінің "Война и мир" шығармасында Наполеон Бонапартты күлкілі әрі өте кішкентай адам ретінде суреттейді. Императордың бойы аласа болғандығымен, мұншалықты күлкілі адам болмағаны ақиқат. Оның бойы шамамен 157 сантиметр болған (5 фут және 2 дюйм). Бұл өлшемді біздің метрикалық өлшемге салсақ 170 сантиметрді құрайды. Ол өмір сүрген ғасырда бұл қалыпты өлшем болатын, сондықтан оны аласа адамдардың алдыңғы қатарына атай берудің қажеті шамалы.

Гитлер мен Наполеонның өмірбаянында ортақ нәрселер көп емес. Бірақ сандар құдыреті сізді таңқалдыра алады деп ойлаймыз. Олардың өмірлеріндегі айтулы оқиғалар – өмірге келуі, билікке деген алғашқы қадамдары, австриялық астананы жаулап алуы және соғыста жеңілуі тұп-тура 129 жыл айырмашылықты көрсетеді.

Наполеон император ғана емес, академик те болған. Ол математикадағы ізденістері үшін Францияның ғылыми академиясының құрамына енген, өзінің теоремасын ойлап тапқан.

Жүрек жұтқан батыр өмірінде бір ғана нәрседен қорықты. Ол – мысық. Бұл ауру ғылымда айлурофобия деп аталады.

Наполеонды ешкім уландырмаған, бірнеше жылдар бойы оның ағзасы күшәладан зардап шекті.

Император тәулігіне 2-3 сағат ұйқыны қанағат ететін. Ол ұйқыны ең жаман әдеттердің қатарына қосты.

Наполеон жақсы операның, әсіресе, италияндық операның жанкүйері болды. Бірақ қойылымға дейін де, қойылымнан кейін де эмоциясын мүлде білдірмейтін. Сахна өнерпаздарына бірде-бір рет шапалақ ұрмаған. Басқалар да императордан шапалақ көрмеген соң, өздері де қошемет көрсетуден бас тартатын. Қойылымнан кейінгі шыбын дызыңы естілетін тыныштықтың актерлерге қалай әсер ететіндігін өзіңіз де ойлай беріңіз, қошемет олар үшін арман болатын.

Оқыс жағдайға тап болған кез келген адам уайымнан көзін жұмып тұра алады деп айта алмаймыз. Ал Бонапарт өмірінің ең шешуші кездерінде, Аустриядағы, Ваграм алдындағы соғыстарда ми "бағдарламасын ретке келтіру үшін" ұйқыдағы адам секілді көзін жұмып алатын.

Наполеон өзінің жүрек жұтқандығымен ғана емес, қаталдығымен де танымал еді. Күндердің күнінде оның әскеріне өте жақын жерге снаряд түседі. Жарылуға шақ тұрған снарядтан барлық сарбаздар қаша жөнеледі. Мұны көрген император сабақ болсын деп атына мінеді де, снарядтың жанына барып тұрады. Қатты дауыс шықты да, жарылыс басталды. Бәрі аяқталғанда Наполеон ештеңе болмағандай жаңа ат әкелулерін сұрайды.

Оның ең сүйікті серігі – Маренго атты сұр араб жылқысы болды.

Наполеон өзінің шымыр денсаулығымен мақтана алады. Ол ешқашан қатты науқастанып, ем қабылдамаған. Тек өмірінің соңғы жылдаыр, Әулие Еленаға қуылғанда адам түсінбейтін сырқатқа тап болады. Кейде мұны ауру емес, жауларының ұзақ жылдар бойы тамағына қосып берген күшәласының әсерінен болған қастандық деп айтып жатады.

Наполенонның әйелі Жозефина ажырасу туралы ұсынысты өзі білдірген. Осы жағдайдан кейін император ажырасу туралы жаңа заң қабылдайды.

Наполеон Оралдан кейін Қытай басталады деп ойлаған екен.

Наполеон бір минуттың ішінде 2000 сөзді айта алатын жылдамдыққа ие болған.

Напоеон билік басында болған 15 жыл ішінде 1200 орта мектептерге, 46 лицейге, 370 колледжге, 37 академияға жан бітірді. Заң, медицина, тіл және әдебиет факультеттерінің ашылуына себепкер болды.

Италия туының авторы – Наполеон.

Пиджак жеңдеріндегі түймелердің қожайыны да Наполеон саналады. Ол өзінің сарбаздарын сырт киімнің шетімен мұрындарын сүртуіне шектеу қою үшін түйме салдыруға тапсырма берді.

АҚШ Луизиана штаты үшін Бонапартқа қарыздар. Себебі, ол өз шешімімен Луизиананы Америка Құрама Штаттарына сатқан. АҚШ осыдан кейін ең мықты елге айнала шықты.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: babulyafraza.ru, rus.ruvr.ru

3656 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 тамыз 2013, 15:55
Пікірлер
+0
15 тамыз 2013, 18:31

Қойылымнан кейінгі шыбын дызыңы естілетін тыныштықтың актерлерге қалай әсер ететіндігін өзіңіз де ойлай беріңіз, қошемет олар үшін арман болатын. :D

+0
15 тамыз 2013, 19:33

1 минутта 2000 сөз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев