Курт Кобейннің қызы картиналарын жоғары бағаға сатты

Курт Кобейннің қызы картиналарын жоғары бағаға сатты
Фото: vk.com

Nirvana тобының солисі, рок музыкаға ессіз ғашықтардың сүйікті орындаушысы Курт Кобейннің Фрэнсис есімді жалғыз қызының шығармашылығын өнерсүйер қауым жоғары бағалады. Оның екінші көрмесі ашылғанынан 1 апта өтпей жатып барлық туындысы сатылып кетті. Картиналардың бағасы $ 1400 мен $ 4500 аралығын қамтыды.

Gallery 30 South галереясында өткен көрме Ghosts for Sale деп аталды. 24 жасар суретші барлық картинасын осы экспозиция үшін арнайы салған. Фрэнсис алғашқы көрмесін 17 жасында Фиддли Тим деген лақап атпен өткізген еді. 

А. Оралқызы