Моно Лиза картинасы туралы қызықты деректер

Моно Лиза картинасы туралы қызықты деректер
Фото: Meduza

Көп адам Леонардо да Винчидің өз картинасында 1479 жылы туылған Лиза Герардиниді бейнелеген деп санайды. Лиза бұл кезде Флоренциядан шыққан көпестің 24 жасар әйел болатын әрі екі баласы бар еді. 
Алайда ұлы суретшінің неге дәл осы әйелді суретіне арқау еткені әлі белгісіз. 
Мона Лиза немесе «Мона лайза» итальян тілінен аударғанда «менің бикешім, менің ханшайымым» деген мағынаны береді.

Да Винчи бұл картинаны 4 жыл жүріп салған. Өмірде Мона Лизаның қасы болмағанға ұқсайды, ал суретші оның қасын бейнелеуге ұзақ уақыт жұмсаған. 

1956 жылы Уго Угнаца есімді адам тарихи картинаға тас лақтырған екен. Осыдан Мона Лизаның сол жақ иегіндегі бояуы сылынып кеткен. 

Бұл картина Париж қаласында пәтер ішінде сақталған. Бөлменің қабырғалары мен терезелері оқ өтпейтін әрі сыртқы климат өзгерістерінен сақтайтын материалдан жасалған. Бұл бөлме арнайы Мона Лиза үшін 7 млн долларға салынған. 

Кейінгі жылдары Мона Лизаның картинасының үш рет боялғаны белгілі болған. Соған қарағанда, суретші өз туындысын бірнеше рет жөндеуге тырысқан болуы керек. 

Айтпақшы, бұл сурет 1911 жылы Париждегі пәтерінен ұрланып, 2 жылдай жоғалып кеткен. Мона Лиза картинасы өте құнды саналатындықтан, оны сақтандыруға ешкімнің шамасы келмейді.

М. Ақан